“Жас ІТ - дарын” республикалық ІТ турнир
“Жас ІТ - дарын” республикалық ІТ турнирінде №185 жалпы білім беретін мектебінің 11”Б” сынып оқушысы Нұрлан Маржан көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін ҚР Ішкі Істер Министрлігі, Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының дипломымен марапатталды. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі Тәжібай Исатай Серікұлы кәсіби жетекшілігі үшін Алғыс хатпен, №185 жалпы білім беретін мектебі кәсіби қосқан үлесі үшін академияның Алғыс хатымен марапатталды.