“ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ – 2026” байқауы
№1 Оқушылар үйі ұйымдастыруымен өткен “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының “ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ – 2026” байқауында №185 мектеп-гимназиясының ұланбасы Балтырыкова Малика өзінің білімділігімен, көшбасшылық қабілетімен және белсенділігімен ерекшеленіп, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алып, 🎉 “ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ – 2026” атанды! Маликаға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып,ел үмітін ақтар табысты тұлға болуына тілектеспіз! Жеңісің құтты болсын! 👏✨