«Ұлттық құндылық –ұлт қазынасы» атты онкүндік жоспары
Тарих және жаһандық құзыреттілік кафедрасының «Ұлттық құндылық –ұлт қазынасы» атты онкүндік жоспары бойынша 01.12.2023 күні Тарих пәні мұғалімі Аманова Гүлмира Берікқызы 9 «Ә» сынып оқушыларымен « ХХғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, үй тапсырмасын сұрау барысында «Миға шабуыл» әдісі қолданылды. Сабақта оқушылар топтық, жеке тапсырмаларды орындап, өз ойларын ашық айта білді.