7-маусым күні "Көңілді жұлдыздар"тобы үшін "Сыпайылық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-маусым күні "Көңілді жұлдыздар"тобы үшін "Сыпайылық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар
07
июнь
2023

7-маусым күні "Көңілді жұлдыздар"тобы үшін "Сыпайылық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар

7-маусым күні "Көңілді жұлдыздар"тобы үшін "Сыпайылық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар және қызықты ойындар ойнатылды. Балаларды қабылдап алған соң,таңғы жаттығу жасап, көңілді музыкаға би билеп, балаларды бір сергітіп алдық. " Әдепті бала- арлы бала" тақырыбымызда балаларға түрлі жағдаяттар беріп, мәселеден шығу жолдарын талқыладық. Балалар оқиғаларға қызыға үңіліп, өмірмен байланыстырып, өз ойларын еркін айтты. Сонымен қатар, " Ағылшынша сөйлейік" атты ағылшын тіліне қосымша сағат арналды. Оқушылар өз білімдерін толықтырып, сөздік қорларын байытты. "Өз қаламызды сүйеміз!"атты тақырыпта Келденова Света балаларға қаланың суреттерін салдырып,барлығы бірге аппликация жасады. Гүлмира Ақшабайқызымен " Жылы жүрек" атты тақырыпта балалармен тренинг өтіп, ойындар ойнатты. Балалар бүгінгі демалыстарын өте жақсы өткізді.
Топ жетекшілері: Жұмажанова Айгерім, Сыдыкова Инабат, Шалова Роза. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: