"Пай , пай , жеңгелер-ай!" тақырыбында 3 сынып оқушыларының жеңгелері арасында байқау өтті » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Пай , пай , жеңгелер-ай!" тақырыбында 3 сынып оқушыларының жеңгелері арасында байқау өтті
14
ноябрь
2023

"Пай , пай , жеңгелер-ай!" тақырыбында 3 сынып оқушыларының жеңгелері арасында байқау өтті

14.11.2023 күні "№185 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата - аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Пай , пай , жеңгелер-ай!" тақырыбында 3 сынып оқушыларының жеңгелері арасында байқау өтті.
Байқаудың мақсаты:
1.Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу.

2.Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеу, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Бүгінгі сайыста шаңырағының көркін келтіріп, жан-жақтылығымен танылып жүрген жеңгелеріміз қатысып, бағын сынады. Қазақ жеңгесі қай кезден де отбасының берекесін келтіріп, татулығын бекемдей білген. Алғашқы таныстыру кезеңінде жеңгелер өздерінің шыққан тегі мен келін болып түскен шаңырағы жайлы мағлұмат беріп, таныстырып өтсе, келесі өнер сайысында бар өнерлерін ортаға салды. Қазақы дастарханын жайнатып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға асқан шеберлікпен әрі мүдірместен жауап берді.

Жалпы байқауға 9 жеңге қатысты және әділқазы иелері 1-10 ұпай қою арқылы жеңімпаздарды анықтап, байқау соңында мектеп директоры, ұлағатты ұстазымыз Кержикеева Данагүл Рысбайқызы өзі құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
Жалпы сайыс өте тартысты , жоғары деңгейде өтті. 3 сынып жетекшілеріне үлкен алғыс❤️.​https://www.instagram.com/reel/CzopIy_t8gE/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: