«Бастауыш кемесі – білім теңізінде» атты бастауыш білім беру кафедрасының онкүндігінің жабылуы ұстаздарымыздың айтыс өнерімен аяқталды » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыш кемесі – білім теңізінде» атты бастауыш білім беру кафедрасының онкүндігінің жабылуы ұстаздарымыздың айтыс өнерімен аяқталды
23
февраль
2024

«Бастауыш кемесі – білім теңізінде» атты бастауыш білім беру кафедрасының онкүндігінің жабылуы ұстаздарымыздың айтыс өнерімен аяқталды

«Бастауыш кемесі – білім теңізінде» атты бастауыш білім беру кафедрасының онкүндігінің жабылуы ұстаздарымыздың айтыс өнерімен аяқталды. Ұйымдастырушылар бірінші бөлімде онкүндіктің өтілу барысына тоқтала келіп, үздік іс-шараларға қорытындылау жасап, ұстаздарға алғыс білдірді.
Екінші бөлімінде 8 жұптан құралған ұстаздарымыз айтыс өнерінде бақтарын сынады. Айтыс – тәрбие мектебі, қазақтың төл өнері. Айтыс- ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ұстаздарымыз білім мен өнерді егіз ұғымдай көретіндерін тағы бір дәлелдеп берді. Айтыс барысында көрермендер арасында үздік жұпқа дауыс беру арқылы «Көрермен көзайымы» номинациясы берілді.
Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Назым апай мен Бахыт апай иеленсе, І орынды Сандуғаш апай мен Лаура апай, ІІ орынды Гаухар апай мен Айман апай, ІІІ орынды Айгерім апай мен Камшат апай иеленді. Сайысқа белсене қатысқан жұптарға Алғыс хат табысталды.
Айтыс өте жоғары деңгейде өтілді. Айтысқа қатысқан ұстаздарымызға үлкен алғыс білдіреміз!
Жауаптылар Курманова М.С., Екибаева Л.К. ​https://www.instagram.com/reel/C3sO7TDtW-y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: