02
май
2024
«Тәжірибеге бағытталған оқытуды қолданудың шексіз мүмкіндіктері» тақырыбында практикалық семинар өтті.
«Әдістемелік десант-педагогтердің ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін жаңа педагогикалық өлшемшарттарда дамыту» тақырыбындағы тренерлер корпусының онкүндігі аясында математика, информатика және физика мұғалімдері, педагог-сарапшы Тлеухасым Серікжан Тлеуханұлы, Маратова Ботакоз Асылхановна, Назар Наргиза Ержанқызы «Тәжірибеге бағытталған оқытуды қолданудың шексіз мүмкіндіктері» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін семинарға қатысқан пән мұғалімдері проблемалық (Problem-based learning) және зерттеу арқылы оқыту (Inquiry Learning) тәсілдерін қолданады. PBL тәсілі оқушының ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушы зерттеу жүргізу арқылы жаңа материалды меңгеріп, тәжірибе жүзінде де білімін дамытады. Әрі жаңа талапқа сай сауатты түрде салиқалы тәжірибе жасауға үйренеді. Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс бере отырып,бүгінгі көрсетілген тәжірибені сабақ үстінде қолдану керектігін атап өтті.