"Хакім Абай даналығы" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Хакім Абай даналығы"
25
ноябрь
2020

"Хакім Абай даналығы"

Абай – қазақ поэзиясының  биік шыңы, құдіретті ақыны. Абайдың жүрек шерімен жазған туындыларының  тағылымы мәңгілік  қымбат  қазына. Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ұлы десек артық айтқандық болмас.  Абайдың мол әдеби мұрасы бұл күнде тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналып отыр.  Осы жылы қазақтың бас ақынының дүние есігін ашқанына 175 толды. Сондықтан дана ақынның 175 жылдығын мемлекеттік, әлемдік деңгейде кең көлемде атап өту нағыз ұлттық рухымыздың кемелденуі деп білеміз.
Аталмыш мерейтой аясында Алматы қаласы Алатау ауданы 185 жалпы білім беретін мектебінде 'Ұлы даланың ұлық тұлғалары" атты онкүндіктің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Б. Алдашбек пен М.М.Алибаеваның ұйымдастыруымен 24.11.20 ж. "Хакім Абай даналығы" тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ "Хакім Абай" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Шойынбет Алшынбетұлы мен 8-10-сынып оқушылары арасында онлайн кездесу" болып өтті.
Шараның мақсаты – ұлт мұраты, мемлекетті қалыптастыру жолында ерен еңбек етіп, қазақ руханиятының әдебиеті мен мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан хакім Абайдың тағылымды жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жеткізу, дәріптеу.
Шойынбет Алшынбетұлы Абай шығармаларынан барлық тақырыпты табуға болатынын, оны оқу — өзіңді тануға, ұлтты тануға деген ұмтылыс екенін  ерекше атап, жастарды кітап оқуға шақырды. Сондай-ақ, кездесуде  Абай өлеңдерінің әрбір қатарында философиялық ой жатқандығын, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында Абай мұрасының маңыздылығын айрықша атап өтті. Жастарды оқу-білімге, имандылық пен тәрбиеге үндеген абайтанушы ғалымның әуезді әңгімесі оқушыларға жақсы әсер қалдырды.
Еркін диалогта құрылған жиын барысында оқушылар  өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көптеген әдеби оқулар жеңімпазы, жас ақын, "Абай әлемі" атты жас ақындар байқауының қалалық кезеңінің 2-орын жүлдегері, 10 "А" сынып оқушысы Абдуғаффаров Болатжан "Абайға арнау" өлеңін оқып берді.
Шара соңында мектеп басшылығы кездесу қонағына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: