Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Әке TIME” тақырыбында аудан көлемінде әкелер форумын өткізілді
29
ноябрь
2024

“Әке TIME” тақырыбында аудан көлемінде әкелер форумын өткізілді

Алматы қаласы, Білім басқармасы
“ №185 мектеп-гимназия” КММ
 ”Біртұтас” тәрбие бағдарламасы аясында ,”Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталығының жоспарына сәйкес 
29.11 2024  Алатау аудандық “Оқушылардың иновациялық шығармашылық орталығында”айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов және Сырым Әуезханның қатысуымен 
“Әке TIME” тақырыбында  аудан көлемінде әкелер форумын өткізді.
 Мақсаты: 1.Халықтық педагогиканы насихаттау
2.Мектеп пен ата-ананың ,әке мен баланың қарым -қатынастарын нығайтып ,әр әкенің бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру.
Қазақтың қос ақыны ,бала тәрбиесіндегі әкенің өзіндік орын алатынын айтып ой пікірлерін білдірді. Форум барысында  “Даналық мектебінің” жанынан құралған әжелер тобы , мектебіміздің әкелер қауымы хормен ән айтып ,домбырашы шәкірттеріміз күмбірлеген күй шертті ,биші қыздарымыз мың бұрала би билеп ,әкелері мен бірге қыздар да өз өнерлерін көрсетті.  “Шамшырақ” мектеп театры “Бір кем дүние…” шығармасынан көрініс қойып ,жиын соңын  кішкентай шәкірттеріміздің  орындауындағы “Әке” әнімен (Хор) аяқтады. 
Тәрбиелі, саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосқандары үшін “№185 мектеп- гимназия”директоры Кержикеева Данагул Рысбайқызы мектеп әкімшілігі атынана әкелерімізге  алғыс  айтып ,ризашылығын білдірді .​https://www.instagram.com/reel/DC9t1oGuKjX/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: