Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-анама мың алғыспен сыйлаймын» атты сурет байқауы өтті
24
февраль
2025

«Ата-анама мың алғыспен сыйлаймын» атты сурет байқауы өтті

№185 мектеп-гимназиясында «Ата-анама мың алғыспен сыйлаймын» атты сурет байқауы өтті.
5-сынып оқушылары арасында өткен сайысқа, 24 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты:
Бұл сайыс оқушылардың ата-аналарына деген алғысын шығармашылық арқылы білдіруіне мүмкіндік беру, балалардың қиялын дамыту, көркемдік қабілеттерін шыңдау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау кезеңдері:
🔹 I кезең – сурет салу: Оқушылар ата-аналарына арнап алғыс тақырыбында сурет салды.
🔹 II кезең – суреттің мағынасын ашу: Әр оқушы өз туындысын таныстырып, оның мазмұнын түсіндірді.

Бағалау және марапаттау:
Байқауды 2 қазылар алқасы әділ бағалап, жүлделі орындар анықталды:
🏆 1-орын: Абылажан Самал
🥈 2-орын: Марат Жания
🥉 3-орын: Рахматуллаев Ахмад

Сонымен қатар, сайысқа қатысқан оқушылар номинациялармен марапатталды.​https://www.instagram.com/reel/DGiOs6YtZN0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​


Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара оқушыларға үлкен шабыт беріп, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көмектесті.

✍️ Ұйымдастырушы: ҚББП Ерболқызы Алтынай

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: