Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Не? Қайда? Қашан?” атты ұстаздар арасындағы интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды
28
февраль
2025

“Не? Қайда? Қашан?” атты ұстаздар арасындағы интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды

Мектебімізде жоспарға сәйкес 21-ші ақпан күні “Ұлттық құндылық- заманауи білім негізі” тақырыбында бастауыш білім беру кафедрасы онкүндігінің жабылуы болды. “Не? Қайда? Қашан?” атты ұстаздар арасындағы интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты мен міндеттері: Ұстаздардың танымдық қызығушылығын, зерделілігін дамыту, өз білімін үздіксіз жетілдіруге ұмтылу; достық, жолдастық қарым-қатынасты, ұжым болып жұмыс істей білуді дамыту;
Бұл ойынға білімді, белсенді, алғыр әрі аңғарымпаз , күтпеген жағдайда өз ойын дәлелдей алатын бастауыш сынып ұстаздарынан құралған 2 топ қатысты: ойыншылар тобы және көрермендер тобы.
Ойын ережесі бойынша көрермендер тобы ойыншыларға сұрақ дайындап қойды. Ойыншылар “рулетканы” айналдыру арқылы конверттегі есімі жазылған ұстаздың сұрағына жауап береді.
Қызықты да тартысты сайыс өтті. Қорытындылай келе, көрермендер тобы да ойыншылар тобы да ойында осал болмады. Керемет ойын үшін алғыс білдіре отырып, жеңімпаз топқа “Кубок”-ты табыстау үшін ортаға мектеп-гимназия директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы шақырылды.
Жауапты:
Кафедра жетекшісі Курманова М.С.,
4- сынып ұстаздары Екибаева Л.Қ., Кенжеғұл Л., Жұмажанова А.https://www.instagram.com/reel/DGbAxaUO0Oe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: