24
апрель
2025
“Заманауи платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері,, тақырыбында шебер сабақ көрсетті
2025 жылдың 24 сәуірінде жоғары мектеп тренерлер корпусының жоспарына сәйкес, №185 мектеп-гимназиясы мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында қоғамдастықта бірлесе отырып шебер-педагог, бастауыш сынып мұғалімі Ф.У.Жасыбаева мен аға ұстаз П.Б.Сейсенбекова “Заманауи платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері,, тақырыбында шебер сабақ көрсетті. Сабақтың мақсаты: мәтінмен, презентациялармен, бейнелермен, суреттермен жұмыс істеу қызметтерінің мүмкіндіктерін аша отырып, күнделікті жұмысты автоматтандыру, ақпаратты іздеу, тексеру және өңдеу кезінде уақытты үнемдеу. Семинар барысында жасанды интелекттің үш түрлі платформасында бастауыш сыныпқа қатысты ертегіге бейнеролик жасау, ондағы кейіпкерлерге сипаттама беру сияқты іс-әрекетер көрсетілді. Жаратылыстану пәнінен бейнелер 3D форматта және QR кодпен көрсетіліп, тыңдаушыларға жаңа ақпарат үш платформа арқылы берілді. Семинардан өз қоржындарына керекті ақпараттар алған тыңдаушылар өз тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріне жоғары баға берді. https://www.instagram.com/reel/DI2wIZ5KO3U/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==