26
январь
2026
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде 5-сынып оқушыларына арналған «Жас сарбаз» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық рухты қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ болашақ ел қорғаушыларына деген құрметті арттыру.
Салтанатты жиын барысында Алатау аудандық АӘД пәнінің әдіскері, майор Уалиев Есболат Қалыбекұлы және Алатау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері Елбосынов Қайрат Игілікұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында:
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді;
– «Жас сарбаз» сыныбының мақсаты мен міндеттері таныстырылды;
– Оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
«Жас сарбаз» сыныбы – өскелең ұрпақтың бойына жауапкершілік, батылдық, тәртіп, елге адал қызмет ету сынды асыл қасиеттерді сіңіруге бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеумен қатар, олардың физикалық және рухани дамуына оң ықпал етеді.
🇰🇿 Отан – отбасынан басталады!
🇰🇿 Ел қорғаны – жас сарбаз!
https://www.instagram.com/reel/DT-YuMOiBr0/?igsh=emJzdnc5eTR1NGtt