10
март
2026
“№1 Алматы қазақ гуманитарлық‑педагогикалық колледжі” ұйымдастырған ашық есік күні
Алматы қаласы Алатау ауданының №185 мектеп-гимназиясының оқушылары “№1 Алматы қазақ гуманитарлық‑педагогикалық колледжі” ұйымдастырған ашық есік күніне қатысты. Іс-шара барысында оқушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен, оқу кабинеттерімен және заманауи оқу құралдарымен танысты.
Колледж ұстаздары мен студенттері болашақ талапкерлерге оқу үдерісі, мамандықтар және колледждің мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар қонақтарға колледж өмірі, шығармашылық үйірмелер мен студенттік іс-шаралар жайында таныстырылым ұсынылды.
Ашық есік күні оқушылар үшін өте пайдалы болды. Олар өздерінің болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар алып, колледждің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
https://www.instagram.com/reel/DVs2eCniEBr/?igsh=MWljdzR0MG54czVnZA==