Желтоқсан көтерілісі » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желтоқсан көтерілісі
19
ноябрь
2021

Желтоқсан көтерілісі

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
 Жүрегімізден ойып тұрып орын алған осы бір елеулі оқиғаны өз көзімен көріп, орыс отаршылдарына қарсы күрес көрсеткен батыр ұстаздарымыз Келденова Светлана Кәдірбайқызы мен Келденов Санат Кәдірбайұлы оқушылармен кездесіп, білім алушыларымызға сол кезде бастан өткен қиын сәттерді, естен кетпес қанды оқиғаларды әңгімелеп жеткізді. Кездесу мақсаты: өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызды ұлтшылдыққа, патриоттыққа елі мен отаны үшін адал еңбек етіп, еліміздің мәртебесін арқашан көтеріп отыруға тәрбиелеу

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: