13
декабрь
2021
Сабақтар
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Бастауыш сынып оқушылары жаны жаңалыққа құмар, барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады. Осындай білімге құмар №185 ЖББ мектебіміздің 1 «Ә» сынып шәкірттерінің білім алу жолындағы жұмыстарынан көріністер. Олардың оқуға қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артып, оқуға құштарлығының өте жоғары деңгейде екенін байқауға болады.
Сынып жетекшісі Екибаева Л.К.