«Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының "Ұланбасын" сайлау рәсімі » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының "Ұланбасын" сайлау рәсімі
12
сентябрь
2022

«Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының "Ұланбасын" сайлау рәсімі

https://www.instagram.com/reel/Cica8TBjPLa/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абыройын асқақтатып
Әлемге нық ұстайық байрағын!

12.09.2022 жылы «№ 185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының "Ұланбасын" сайлау рәсімі өтті.
🇰🇿 " Ұлан басы" - "Жас Ұлан" көшбасшысы, мектептің оқушылардың өзін-өзі басқару басшысы, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметіне басшылық етеді, мектеп әкімшілігімен өзара қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді, өз атынан және оқушылардың атынан мектеп қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен педагогтар арасындағы даулы жағдайларды шешуге қатысады, әртүрлі әлеуметтік жобаларды, іс-шараларды бастамашылық етеді және ұйымдастырады.

🇰🇿Мектепшілік Жас Ұлан "Ұлан басын" сайлау рәсімі жалпы бекітілген ережеге сай өткізілді .
Сайлау күні алдын – ала бекітіліп, оқушылар назарына ұсынылды. 9-10 сынып оқушылары арасында үгіт насихат жүріп, «Ұланбасына» 9 үміткер өз бағдарламасын жасап, видеоролик дайындалып, ғаламтор желісіне салынды.
🇰🇿 Жас Ұлан « Ұлан басына» үміткерлер:
1. Байсұлтан Жанерке
2. Асқарқызы Ұлпан
3. Насипова Аяжан
4. Қанатқызы Дамира
5. Махсутқызы Аружан
6. Азимов Рамазан
7. Асан Өркен
8. Асхатқызы Айнель
9. Калназарова Лаура

🇰🇿 "Ұлан басы" сайлауы жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізілді. Арнайы комиссия құрылып, сайлау бюлетендері саналды. Қорытындысында : 10 «А» сынып оқушысы : Азимов Рамазан ең көп дауыс жинап, Жас Ұлан «Ұлан басы» болып сайланып, «Жас Ұлан» ұйымының алдында ант берді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Саған барлық "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері сенім артады. СӘТТІЛІК!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

19 сентябрь 2022 " Жас Ұлан "
13 сентябрь 2021 "Жас Ұлан "