№185 жалпы білім беретін мектебінде 8-ші сынып қыз балаларына арналған психологиялық тренинг өткізілді » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №185 жалпы білім беретін мектебінде 8-ші сынып қыз балаларына арналған психологиялық тренинг өткізілді
28
сентябрь
2022

№185 жалпы білім беретін мектебінде 8-ші сынып қыз балаларына арналған психологиялық тренинг өткізілді

№185 жалпы білім беретін мектебінде 8-ші сынып қыз балаларына арналған психологиялық тренинг өткізілді. Қазақ халқы қашанда қыз баласын ерекше қадірлеген. Оны болашақ ана, ұрпақ өрбітуші ретінде жоғары бағалап төрден орын ұсынған. Сондай-ақ ұлттың болмысын қалыптастыратын жан болғандықтан қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Ұрпақ өрбітіп, келешек келбетін қалыптастыратын, ел мен елді жақындастырып, табыстыратын – жаны нәзік қыз баласы. Соны білген текті халқымыз қыздың тәлім-тәрбиесін, мінез-құлқы, жүріс-тұрысын баса назарда ұстаған.
Осы мақсатта қыз балалардың өміріне арқау болар құнды қасиеттерді дамытуға арналған тренинг өткізілді. Тренинг мотивациялық бейнероликті көрсетумен басталды. Кейін практикант-психолог шағын сөз сөйлеп , қыздарға бағдар берді. Ары қарай қатысушылар бейнероликтен түйген ойларын ортаға салды. Қыз балаларға арналған 40 таңдаулы психологиялық кеңес айтылды. «Өзіңді тереңірек тани біл» деген ойын өткізілді. Онда қатысушылар өздеріне ұнаған жеміс-жидектерді таңдады , сол арқылы өздеріңің мінез-құлықтары туралы қорытынды айтылды. Психолог қатысушылардан қыз балалардың ойында болу керек құнды қасиеттерді атауларын сұрады. Қыздар белсенді түрде сұрақтарға жауап берді. Кейін «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» атты жаттығу жүргізілді. Психолог құнды қасиеттерді атады , ал сол қасиеттерге ие қыздар белгі берді. Соңында өздерін мадақтап , шапалақ ұрды. Тренинг соңында кері байланыс ретінде қатысушы қыздар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып , психологтар оларға жауап берді . Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді.
https://www.instagram.com/p/CjDoRB2D5uV/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: