20
декабрь
2022
Саналы ұрпақтарды тәрбиелеу мақсатында аралас жекпе-жек шебері Нұржан Акишевпен кездесу өтті
Жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу, осы дәстүрді баршаға дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім ордаларынан бастау алған шарт. Сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарды тәрбиелеу мақсатында аралас жекпе-жек шебері Нұржан Акишевпен кездесу өтті . Лақап аты "Бизон". Өзінің кәсіпқой мансабын 2017 жылы бастаған.Қазіргі таңға дейін 19 жекпе-жек өткізіп, 15-де жеңіске жеткен.Қоян-қолтық ұрысынан және ММА дан спорт шебері.Fight Nights,Gorilla FC,Brave,Octagon секілді әлемнің мықты лигаларында өнер көрсеткен. Нұржан "№185 жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күрес, дзюдо бапкері Дюзбаев Берикбол Сериковичтің күресу шеберліктері бойынша тәрбиесінде болған.
https://www.instagram.com/reel/CmYxS2FDF81/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/CmYxS2FDF81/?utm_source=ig_web_copy_link