Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тарих және Жаһандық құзіреттілік» пәндерінің апталығының ашылу сәті болып өтті
24
январь
2023

«Тарих және Жаһандық құзіреттілік» пәндерінің апталығының ашылу сәті болып өтті

https://www.instagram.com/reel/Cn2EcC0j-P5/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
24.01.2023ж күні мектебімізде «Тарих және Жаһандық құзіреттілік» пәндерінің апталығының ашылу сәті болып өтті. « Тарих. Тағылым. Тауелсіздік» атты апталықтың ашылуын «Қайырлы таң» бағдарламасы арқылы жүргізе отырып, мектебіміздің директоры Д.Р. Кержикееваның сөздерімен бастау алдық. Тарих – біздің ісіміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, болашағымыздың асыл қазынасы ретінде оқушылардың саяси -тарихи білімдерінің шыңдалуына өз үлесін қосатындығы баршамызға мәлім. Cондықтан өз еліміздің тарихтын біліп, түсіну, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды меңгеру мектептегі біліммен қаланады. Осыған байланысты еліміздің саяси-тарихи өміріне шолу мақсатымен шәкірттерге биылғы жыл ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кедесуінде 2023 жыл достастықта «Орыс тілі» жылы деп аталып өтетіндігі ресми баяндалды. Сонымен бірге 2023 жылдағы мерейтойлар мен атаулы күндердің мән – мағыналарына кеңінен тоқталып, қатысушыларға танымдық сұрақтар мен деректер жеткізу арқылы ашылу салтанаты жалғасын тапты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: