Жер- біздің ортақ үйіміз.. » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жер- біздің ортақ үйіміз..
26
апрель
2021

Жер- біздің ортақ үйіміз..

Жер- біздің ортақ үйіміз.. Экологиялық апталық..ашылуы

🏞 Адам саулығын арттырамыз, адам ғұмырын ұзартамыз дейміз. Ал, денсаулықтың жақсаруы ең әуелі тыныстар ауамызда, ішер суымызға, ас – ауқатымыздың сапалылығына байланысты емес пе? Олай болса, ауа, жер, су - табиғат. Табиғат – өзімізді қоршаған орта. Денсаулық - Табиғат

🏞Бұлардың барлығы  айтылатын, бірге көтерілетін мәселелер. Бүгінгі таңда бізді қоршаған табиғи орта – Қазақстан жер көлемінің 66%-і құрғап, шөл далаға айналып, құрып бара жатыр. Оны тоқтатудың бірден – бір жолы көгалдандыру ісі. Одан басқа жол жоқ. Атам қазақ: «Бір тал кессең, он тал ек!» - деп бекер айтпаған ғой. 

🌍Әй,табиғат! М.Мақатаев.
Әй, табиғат!
Шеберсің – ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан – ғайыр байлығыңды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің мынау, жерің міне,
Ау,адамдар.
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын.
Асырайды ол сені, мені, елді де.
Әдемілік, көрік беріп, түрлендіреді.

Сондықтан табиғаттағы өсімдіктерді аялай, қорғай білуіміз керек [media=https://www.instagram.com/tv/COInNwGjhmU/?utm_source=ig_web_copy_link]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: