Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 24
МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!!!
11
октябрь
2021
МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!!!
Алматы қаласында ММА жекпе-жегінен өткен халықаралық кездесуде №185 жалпы білім беретін мектебінің 11А сыныбының оқушысы Әбдіхалық Нуриддин 1 орын иегері атанып, чемпион титулын қанжығалады. Жаттықтырушы-жетекшісі: Дюзбаев Б. Құттықтаймыз! Алматы қаласында ММА жекпе-жегінен өткен халықаралық кездесуде №185 жалпы білім беретін мектебінің 11В сыныбының оқушысы Орынбай Салман 1 орын иегері атанып, чемпион титулын қанжығалады. Жаттықтырушы-жетекшісі: Дюзбаев Б. Құттықтаймыз!  
"Ұстаз шапағаты"
09
октябрь
2021
"Ұстаз шапағаты"
"Ұстаз шапағаты" республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналының қыркүйек айындағы №9 санына №185 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы толық әдістемелік жұмыстарын жариялады. Құттықтаймыз! 
"Абай оқулары"
07
октябрь
2021
"Абай оқулары"
XXlI Республикалық "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңінде "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясының II дәрежелі дипломымен №185 жалпы білім беретін мектебінің 9"Ә" сынып оқушысы Қалабай Шолпан марапатталды. Құтты болсын! Жетекшісі: Дегенбаева Л.
Жетістіктер
06
октябрь
2021
Жетістіктер
Щучинск қаласында өткен таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатында №185 жалпы білім беретін мектебінің 10 “В” сынып оқушысы Әскербек Аружан 1 орын, 8 “А” сынып оқушысы Нурмагамбетова Жанат 1 орын, Жеңіс Айкерім 9 “А” сынып оқушысы Жеңіс Айкерім 1 орын, 7 “Ә” сынып оқушысы Аяпберген Карима 1 орын жеңімпазы атанып, чемпиондар тұғырынан көрінді. Жаттықтырушы-жетекші: Муханов Абдулла Құттықтаймыз!
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
05
октябрь
2021
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Білім беру саласына қосқан үлесі мен өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қол жеткізген табыстары үшін №185 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Сейсекенова Гульжазира Зупарқызы Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Құтты болсын 💐💐💐
“Үздік ұйым”
05
октябрь
2021
“Үздік ұйым”
№185 жалпы білім беретін мектеп - Алматы қаласының жетекші мектебі. Стратегиялық және кәсіби даму, мектепішілік жоспарларға сәйкес мектеп тәжірибе алмасу кеңістігінде өз жұмыстарын сенімді көрсетіп, тың жобалар мен бастамаларға жетекші болып келеді. Ресурстық құрылымы заманауи тенденцияларға лайықталған мектеп қабырғасында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері А.Егеубайұлы атындағы “Педагогикалық шеберлік орталығы”, ұлттық құндылықтар мен мәдени танымды қалыптастыруда “Домбыра” кабинеті,
Алғыс хат
04
октябрь
2021
Алғыс хат
Мемлекет және қоғам алдындағы елеулі еңбегі мен Алматы қаласының мәдени-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, Ұстаздар күні мерекесі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында №185 жалпы білім беретін мектебінің директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы Алматы қаласы “Nur Otan” партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары М.Отыншиевтің Алғыс хатымен марапатталды. Құрметті Данагүл Рысбайқызы! Мектеп ұжымы Сізге, үздіксіз жемісті еңбек пен шығармашылық табыстар тілейді.
“Балдаурен Республикалық сауықтыру орталығы“
02
октябрь
2021
“Балдаурен Республикалық сауықтыру орталығы“
№185 ЖББ мектебінің оқуда озат, белсенді оқушылары “Балдаурен Республикалық сауықтыру орталығына“ жолға шықты,сәтті сапар тілейміз! 👏👏👏👏
ЖЕТІСТІКТЕР
25
сентябрь
2021
ЖЕТІСТІКТЕР
Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған Алатау ауданы Білім бөлімінің қолдауымен, дене шынықтыру мұғалімдері арасында футболдан өткен аудандық сайыста мектебіміздің дене шыныкқтыру пәні мұғалімдері 3 орын жеңімпазы атанды!! Құттықтаймыз!
"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі"
24
сентябрь
2021
"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі"
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімі және №21 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай Алатау ауданы білім беру мекемелері арасында "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" атты бейнежазба байқауына қатысып I ОРЫН иеленгені үшін №185 ЖББМ марапатталады. Құтты болсын💐💐💐
ЖЕТІСТІКТЕР
20
сентябрь
2021
ЖЕТІСТІКТЕР
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен “Заманауи мектеп оқулығының тілі: психологиялық және дидактикалық аспектілері” тақырында өткен халықаралық симпозиумға №185 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Нургельдиева Билимбала Султангеримовна қатысып, жаңартылған оқулықтардың апробациялану мүмкіндіктеріне талдау жасады. Нургельдиева Билимбала Султангеримовна оқулық сарапшысы
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
15
сентябрь
2021
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Қалалық білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін №185 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, математика ғылымдарының магистрі Ауелбекова Гаухар Умурбековна Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!  
Құрмет грамотасы
10
сентябрь
2021
Құрмет грамотасы
Қалалық білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін №185 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, математика ғылымдарының магистрі Тулеухасым Серікжан Тулеуханович Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.Құттықтаймыз!
"Оқуға құштар-мектеп,оқуға құштар- ұлт"
03
сентябрь
2021
"Оқуға құштар-мектеп,оқуға құштар- ұлт"
"Оқуға құштар-мектеп,оқуға құштар- ұлт" жобасы аясында "Тұлға боламын" кітап оқу сайысына 4 "Г" сынып оқушысы Қадыр Мансұр қатысып, 50000 оқырманның ішінен өзінің білімі мен зеректігін дәлелдеп жүлделі орынды қанжығасына байлады. Шұғыла қоғамдық қорының мақтау қағазымен және Дария Дамыту Орталығының сертификатымен марапатталды. Бағалы сыйлыққа велосипед алды. Сынып жетекшісі: Сыдыкова Инабат Лельянина
№185 жалпы білім беретін мектеп КММ
01
сентябрь
2021
№185 жалпы білім беретін мектеп КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының "№185 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Пайдалануға берілген жылы: 2006 жыл, 2018 жыл Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас ықшам ауданы, Алдияр көшесі,№16 Телефон,факс: 307-93-15 Электрондық поштасы: algabas_m@mail.ru Ғимараттың жалпы аумағы 1 корпус бойынша-5962,3 м2 , 2 корпус бойынша -5257   Жобаланған сыйымдылығы: 950 оқушы Білім беру ұйымының басшысы- Кержикеева Данагуль Рысбаевна.Жалпы
Алғыс хат
30
август
2021
Алғыс хат
Сарыева Телеу Ахметказиновна - жоғары білікті химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. Еңбек өтілі: 36 жыл Авторлық әдістемелік нұсқаулықтардың, оқулықтар құрастырушы. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқулықтарды талқылау бойынша өткізілген республикалық семинардың топ құрамында, 2015 жылдан бері аудандық, қалалық олимпиадаларда комиссия мүшесі. Телеу Ахметказиновна білім беру жүйесінде педагогикалық және жетекшілік жұмыстарында мол тәжірибесі бар жоғары білікті, кәсіби маман.
№1 педагогикалық кеңес
27
август
2021
№1 педагогикалық кеңес
27.08.2021ж №185 жалпы білім беретін мектебінде Zoom платформасымен қашықтан №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес модераторы мектеп директоры Д.Р.Кержикеева кеңес тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, өткен оқу жылының сараптамалық көрсеткіштеріне шолу жасады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали жаңа оқу жылының құрылымдық ерекшеліктерімен, нормативтік-базалық бұйрықтармен таныстырды. Өткен оқу жылының оқу сапасына аналитикалық талдау жасалып, оқу жоспарын бекіту, жаңа оқу
МЕКТЕПШІЛІК ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
11
август
2021
МЕКТЕПШІЛІК ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
11.08.2021ж №185 жалпы білім беретін мектебінде қашықтан ZOOM платформасында математика-ақпараттану пәндер циклі мен жаратылыстану пәндер циклдерінің мектепішілік панельдік секциялары өткізілді. Секция кіріспесінде аталған пәндер бірлестіктерінің жаңа сапалық құрамдары таныстырылып, кәсіби даму жоспарлары ұсынылды. Өткен оқу жылындағы жетістіктер тізімдемесі мониторингтелді. Қашықтан оқыту кезеңінде республикалық арналарға математика пәнінен түсірілген мектеп тренерлерінің бейнесабақтары
"Мектепішілік тамыз кеңесі"
10
август
2021
"Мектепішілік тамыз кеңесі"
10.09.2021ж №185 жалпы білім беретін мектебінде ZOOM платформасында мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің панельдік секциялары қашықтан онлайн өткізілді. Кеңес модераторы А.С.Қали үш тілді білім берудің заманауи аспектілеріне тоқталып, секцияларды жүргізді. Кеңесте тіл бірлістіктері 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатқа талдау жасап, пәндік ерекшеліктеріне тоқталды. Жаңа оқу жылына тіл бірлестіктерінің кәсіби даму жоспарлары мен