«Кезекші сыныптар»туралы ақпарат » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кезекші сыныптар»туралы ақпарат
15
октябрь
2020

«Кезекші сыныптар»туралы ақпарат

                                   «Кезекші сыныптар»туралы ақпарат

    2020-2021оқу жылында Алматы қаласы Алатау ауданы « №185 жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кезекші сыныптар ды» қабылдауға дайындық туралы ақпараттық хабарлама.

   2020-2021 оқу жылы барлық Қазақстандық мектептер үшін қашықтықтан оқыту форматында басталды. Сонымен қатар бастауыш сыныптарға «Кезекші топтарды»ата-аналардың өтініші негізінде ашуға рұқасат берілді.

Қазіргі күні 1-сыныптар бойынша 55 оқушы, 2-сыныптар бойынша 23 оқушының ата-аналары өтініш берді.

    Кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімнің де келісімі маңызды. Мұғалім келіскен жағдайда олардың денсаулығы және жас ерекшеліктері міндетті түрде ескеріледі. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар, дәрігерлік есепте тұрған педагогтар «кезекші сыныпқа»сабақ бере алмайды. Мұғалімдер жыл сайын арнайы медициналық тексерістен өтіп тұрады. Мектепте арнайы тексерістен өткеннен кейін рұқсат етілген мұғалімдер ғана жұмыс жасай алады. Кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыстарын жүргізуде.



  Мектеп ауласында арақашықтық сақталған белгілер салынған. Келген ата-аналар, оқушылар санитарлық талаптарды сақтай отырып мектепке кіреді.



  Мектептің кіре беріс жерінде дезинфекция барьері және дезинфекция төсеніштері қойылған. Мектеп толығымен дезинфекция құралдарымен қамтамасыз етілген. Санитайзерлер, антисептиктер арнайы бұрыштарға орналастырылған. Ал оқу кабинеттерінде антибактериялды сұйық сабындар, қол жуатын орындар, маскалар, перчаткалар қойылған.

Кезекші сыныптарда 15 баладан ғана оқиды. Яғни 15 балаға ғана орын жабдықталған, тиісті белгілер арқылы нұсқаулықтар көрсетілген.

Дәліздерде, сынып кабинеттерінде қозғалысты анықтайтын 2 түрлі бағыттаушы сызықтар бар. Балалар өз бағытына тиселі сызықтармен ғана жүре алады. Ал ортада жүруге рұқсат етілмейтіндігі туралы белгі көрсетілген. Балалардың бір-біріне жақынедамауы үшін әр қатарға баратын жеке-жеке сызықтар көрсетілген.

 Сабаққа келген уақытта балалармен тек қана бір мұғалім ғана қатынас жасайды. Мұғалімдердің өзара бірігуіне, бір жерге жиналуына рұқсат етілмейді. Мұғалім тек қана кабинетіне кіреді және шығар жолымен үйіне қайтады.

  Мектепте оқушы ұзақ болмайды. Оқу жоспарына сәйкес оқытылады. Сондай-ақ оқушылардың уақыт кестелері әр топқа әртүрлі уақытпен бөлініп жасалынған. 

 Үзіліс кезінде кабинеттер желдетіліп, дымқыл тазалау жұмыстары уақытымен жүргізілуде. Екі ауысымның ортасында кабинеттерді кварцтау жұмысы жасалынып отырады.


    Таңертең бірінші топтың сабағы 9.00-де, екінші топтың сабағы 9.10, үшінші топтың сабағы 9.20 да, төртінші топтың сабағы 9-30 басталады.

Медициналық кабинет «Кезекші сыныптар»үшін жабдықталған. Дәлізде

ақпараттық бұрыш арналаып жасалған. 

    Оқушылардың сабақ барысында температурасы көтеріліп, өздерін жайсыз сезінетін болса жеке «оқшаулау кабинетіне» уақытша оқшауланады. Оның сыныбы үйіне қайтарылады.

   Кезекші сыныптардың сабағы аяқталғаннан кейін арнайы киіммен, медициналық қолғаппен қолданылған бетперделер салынған қоқыс жәшігі тазартылады.


   Кезекші сыныптағы сабақтар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: