"№185 ЖББМ" КММ-нің қаржыландыру бойынша кіріс және шығыс есебі » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "№185 ЖББМ" КММ-нің қаржыландыру бойынша кіріс және шығыс есебі
25
октябрь
2020

"№185 ЖББМ" КММ-нің қаржыландыру бойынша кіріс және шығыс есебі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында№185 жалпы білім беретін мектебінің директоры Данагуль Рысбаевна Кержикееваның ата-аналар мен мектеп ұжымына қаржылық (кіріс және шығыс) есеп беру жиналысы 22.10.2020 жылы қашықтан өтті.
Уақыты: 15.00 – 16.00
Өту барысы: Zoom платформасы, (қашықтан/онлайн)Есеп беруші: мектеп директоры Д.Р.Кержикеева
Қаралды:
- №185 жалпы білім беретін мектебінің тоқсандық/жылдық қаржылық құрылымдары мен кіріс және шығыс есебі
Тыңдалды:
1. Мектеп директоры Д.Р.Кержикеева Алматы қаласы Білім басқармасының 08.10.2020 жылғы №03-1/1069-2 хатына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында мектептің тоқсандық/жылдық кезеңде қаржылық жұмсалуы мен мемлекеттік сатып алулар есебі тыңдалды.
2. Мемлекеттік сатып алулар аясында тауарлар мен жабдықтарды сатып алу, бекіту мемлекеттік портал арқылы келісімшарт арқылы жүзеге асырылатыны талданып, бюджеттің бөлінуі мен жоспарлануы, кіріс пен шығыстың тізімдемесі портал мен мектеп сайтында көрсетілетіндігін мектеп директоры Д.Р.Кержикеева толық түсіндірді.
Есеп беру жиналысы бойынша ата-аналар мен мектеп ұжымы көрсетілген есептерді дұрыс қабылдап, бұл мәселелердің хаттамамен бекітілуін негіздеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: