8-маусым күні "Көңілді жұлдыздар" тобы үшін "Табиғатты аялайық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар және жылыжайға саяхаттап балаларды апардық » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-маусым күні "Көңілді жұлдыздар" тобы үшін "Табиғатты аялайық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар және жылыжайға саяхаттап балаларды апардық
08
июнь
2023

8-маусым күні "Көңілді жұлдыздар" тобы үшін "Табиғатты аялайық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар және жылыжайға саяхаттап балаларды апардық

8-маусым күні "Көңілді жұлдыздар" тобы үшін "Табиғатты аялайық" күніне арналған жоспарға сай іс- шаралар және жылыжайға саяхаттап балаларды апардық. Балаларды қабылдап алған соң, көңілді әнмен психологиялық ахуал орнатып, таңғы жаттығу жасап, балаларды бір сергітіп алдық. Таңғы салқынмен мектеп ауласындағы табиғат аясына шығып, "Ой толғау" эссе жазу сағатын өткіздік. Оқушылар өз ойларын айтып, өздеріне ұнайтын табиғат көріністерін сипаттады. Балалармен тағы мектебіміздің әдемі орны "Жылыжайға" алып барып, таныстырып, оның пайдасын және жылыжайдың не үшін керектігін біліп,суретке түсіп саяхаттап қайтты.
Балалармен спортзалға барып, түрлі спорттық ойындар ойнап, жарыс ұйымдастырылды. " Әсем ән мен тәтті күй "атты тақырыпта Аяпова Шолпан апай оқушылардың музыкалық сауаттылығын арттырып , балаларға түрлі әндер үйретті. Балалар мектеп асханасынан дәмді түскі астарын ішіп, күш жинап алып, Қажытай Манарбектің ұйымдастыруымен эстафеталық ойындар ойнады. Балалар күнді көңілді өткізіп, қуана тарқасты.
Топ жетекшілері:
Жұмажанова Айгерім, Сыдыкова Инабат, Шалова Роза 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: