2 – 3 сыныптар арасында «Бала жастан.... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбы атты семинар өтілді » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 – 3 сыныптар арасында «Бала жастан.... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбы атты семинар өтілді
09
октябрь
2023

2 – 3 сыныптар арасында «Бала жастан.... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбы атты семинар өтілді

09.10.2023 жылы 2 – 3 сыныптар арасында «Бала жастан.... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбы атты семинар өтілді. Семинарға 2 – 3 сынып аналары қатысты. Семинар ата – аналарды топқа бөлуден басталып «Ата - ана», «Мектеп», «Бала» топтарына бөлінді. «Әрбір пікір құнды» әдісі бойынша ата – аналар пікірлерін білдірді. Аналар өз ойларындағы құнды пікірлерін айтып ой бөлісті. «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы бүгінгі семинар тақырыбын ата – аналар анықтады. Семинар тақырыбы анықталғаннан кейін 3 топқа топтық тапсырма берілді. 1 топ Мәтінмен жұмыс, 2 топ «Мектеп» тақырыбына өлең құрастыру. 3 топқа шығармашылық тапсырма табиғи заттардан «Икибана» құрастыру. Берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс жасалынып, әр топ бір – біріне кері байланыс беріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылып ата – аналар сергіп алды. Ұжымдық жұмыс бойынша «Кім жылдам» ойыны ойнатылды. Семинар қатысушыларына 12 тапсырма сұрақтар құрастырылып берілді. Жылдам тапқан ата – ана бағаланып отырылды.
Семинарға ата – аналар белсенді қатыстып көтеріңкі көңіл күйде бірі – бірімен пікір алмасып отырды. Семинар соңында «Үш ҚҚҚ» кері байланыс беріп, Не құнды болды?, Не қызық болды? Не қиын болды? өздеріне қандай құнды мағлұмат алғандарын, қызық және қиын болған тапсырмаларды айтты. Ата - аналар тілектерін білдіріп алғыс айтты. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.
Жауапты мұғалімдер: Б.З.Умирбаева, К.Т.Тыныштықбекова ​https://www.instagram.com/p/CzeC5nVtiYe/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: