“PISA халықаралық зерттеуі аясында оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық оқыту-тәжірибелік семинар өтілді » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “PISA халықаралық зерттеуі аясында оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық оқыту-тәжірибелік семинар өтілді
21
ноябрь
2023

“PISA халықаралық зерттеуі аясында оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық оқыту-тәжірибелік семинар өтілді

Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 21.11.2023ж Алматы қаласы Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектебінде “PISA халықаралық зерттеуі аясында оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық оқыту-тәжірибелік семинар өтілді. Семинарға Алматы қаласының 60 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар екі бөлімнен ұйымдастырылды. Семинарға жауапты тренер-координатор, №185 ЖББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлы бағдарлама құрылымымен таныстырып, семинарды жүргізді.
Семинарды мектеп директоры Д.Р.Кержикеева құттықтау сөзімен ашып, халықаралық зерттеулердің маңыздылығына тоқталды.
Оқыту-практикалық бөлімде Ақыл Самарханұлы оқу сауаттылығы бойынша кездесетін мәтін түрлерін саралап, деңгейлі практикалық тест тапсырмаларын топтарда көрсетті. Қатысушылар оқу сауаттылығына негізделген тест/сынама тапсырмаларын деңгейге бөліп, зерттеудің мәнін талдап берді.
Қорытынды бөлімде семинар қонақтары “Өрлеу” РКБАИ аға оқытушылары Ж.Ибраева, А.Есентаевалар жалпы оқу сауаттылығын қалыптастырудың шарттарын талқылап, оқу мақсаттарымен саралап көрсетті.
Семинар қатысушылары оқыту-тәжірибелік алаңнан алған әсерлерін мектеп ұжымына алғыстарымен білдірді.
Озық тәжірибесін таратудағы шығармашылық жетістіктері мен зерттеулері үшін Ақыл Самарханұлы Республикалық “Өрлеу” кәсіби біліктілікті арттыру институтының Құрмет Грамотасымен марапатталды. ​https://www.instagram.com/reel/Cz8ec9Jtdhc/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: