"PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылрадың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында қалалық семинар өтті » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылрадың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында қалалық семинар өтті
20
февраль
2023

"PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылрадың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында қалалық семинар өтті

Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектеп базасында физика, биология, химия, математика пәні мұғалімдеріне арналған "PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылрадың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қаламыздың 60 жаратылыстану-математика циклі пәндері мұғалімдері қатысты. Семинарды байқаушы сарапшылар, ҚББЖТҒӘО Оқу бөлімінің әдіскерлері Н.Б.Жакыпова, Б.Б.Алимбекова мен мектеп директоры Данагүл Рысбайқызы құттықтау сөзімен ашып, халықаралық зерттеудің маңыздылығына көрсеткіштік талдама жасады. Семинар модераторы, жауапты координатор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлы халықаралық зерттеу аясында жүргізілетін сынама талдауларға сараптама жасап, PISA зерттеуінің практикалық мәніне талдау жүргізді. Семинардың оқыту-тәжірибелік бөлімінде мектебіміздің жетекші ұстаздары К.К.Келденов, Н.С:Жомартова PISA тапсырмаларын биология және химия пәндерінде құрастыруды тәжірибеде сараптаса; Г.У.Ауелбекова, С.Т.Тулеухасым математика жағдайында мәнмәтіндік контекстерді құрастыруды талдаса; Н.Е.Назар, Ж.С.Канабекова физикалық аспектілерде PISA тапсырмаларының қолданысына талдау жүргізді. Мектебіміздің педагог-психологы Н.Ә.Базарғалиева семинар қатысушыларына дағдылық тәжірибелік тренинг көрсетіп, көтеріңкі эмоциялық жағдаяттарда жаттығу жүргізді. Семинардың қорытынды бөлімінде PISA тапсырмаларының құрылымына, қолданыс тәжірибесіне зерттеу жұмыстары көрсетіліп, семинар қатысушыларынан тәжірибелік кері байланыс берілді. Семинар қатысушылары жоғары дәрежеде өткен шараға шынайы алғыстарын айтып, ҚББЖТҒӘО әдіскерлері Н.Б.Жакыпова, Б.Б.Алимбекова мектебіміздің тренер-оқытушыларына ризашылықтарын білдірді. Қалалық семинарды жоспарға сай тәжірибелік алаңда шебер ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Д.Р.Кержикеева, А.С.Қали, тренер-оқытушылар К.К.Келденов, Н.С.Жомартова, Г.У.Ауелбекова, С.Т.Тулеухасым, Н.Е.Назар, Ж.С.Канабекова, педагог-психолог Н.Ә.Базарғалиева Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: