«Алаш апталығы» акциясы » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алаш апталығы» акциясы
12
апрель
2024

«Алаш апталығы» акциясы

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұстаздарының ұйымдастыруымен
«Алаш апталығы» акциясы
аясында қазақ әдебиетінің үш Ұлы жазушысы
Сәкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров,
Бейімбет Майлиннің (қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі»)
130 жылдығына орай 9-11-сынып оқушылары арасында филология ғылымдарының кандидаты, Сүлеймен Демирил атындағы университет профессоры Жұмақаева Береке Дәулетханқызымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында “Үш бәйтеректің” шығармалары дәріптеліп, тың ақпараттар айтылды. 10-сынып оқушысы Мираш Нұрай Сәкен Сейфуллиннің “Сыр сандық” өлеңін жатқа оқып, 8-сынып оқушылары “Үш бәйтерек” туралы көрініс қойды. Оқушылар мен Береке Дәулетханқызы арасында қызықты сұхбат жүргізілді. Берер тағылымы мен тәлімі мол кездесу мектеп директоры Кержикеева Данагуль Рысбайқызының қорытынды сөзімен аяқталды.​https://www.instagram.com/reel/C5qFUfutDNW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: