ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ
02
август
2024

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ

🔰🔰🔰 Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес оқытудың зайырлы сипатын іске асыру және білім алушылар арасындағы әлеуметтік,мүліктік және өзге де айырмашылықтардың белгілерін жою мақсатында мектебімізде бірыңғай мектеп формасы белгіленді!
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай күңгірт-көк түсте.
 ♻️♻️♻️ Ұлдардың мектеп формасы:пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

♻️♻️♻️. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

♻️♻️♻️. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
Ескерту‼️Бас киімдермен түрлі конфессиялардың діни сипаттағы атрибуттарын қоса алғанда,киім элеметтерін мектеп формасына  қосуға жол берілмейді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: