177 ішікі еңбек тәртібі » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 177 ішікі еңбек тәртібі
04
декабрь
2021

177 ішікі еңбек тәртібі


Алматы қаласы Алатау ауданы №185 ЖББМ КММ



2021-2022 оқу жылының мектепішілік тәртіп



ЕРЕЖЕЛЕРІ

















Келісілді_________ Келісілген_________ Бекітемін________ Қамқоршылық кеңес төрағасы        Кәсіподақ ұйымының төрайымы       Мектеп директоры   Г.А. Койбекова                                  С.К.Келденова                                     Д.Р.Кержикеева 01.09.2021 жыл                                  01.09.2021 жыл                                    01.09.2021 жыл



Алматы қаласы Алатау ауданы №185 ЖББМ КММ

 2021-2022 оқу жылының мектепішілік тәртіп 

ЕРЕЖЕЛЕРІ


       Осы құжат Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын , ҚР баланың құқықтары туралы конвенцияға, ҚР Еңбек Кодексін , ҚР Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы , Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы ережесін ,ҚР Үкіметінің Қаулысы және мектеп Жарғысы басшылыққа алынды. 
 
 Жұмыс уақыты және оны қолдану
 
 1.Мектепте 6– жұмыс күні бір демалыс күнімен орнықтырылған. Бірінші ауысым уақыты - 8.00, екінші ауысым - 14.00;
 
 Қысқаша мінездеме
 Қаладағы тұрған орны: Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшам ауданы Алдияр 16 үй   тел: 307-93-15
 
 Жұмыс уақыты:
 
 1 ауысым сабақтар басталуы – 8.00;
 Сабақтардың аяқталуы – 13.50 (7 сабақ)
 
 2 ауысым сабақтар басталуы – 14.00;
 Сабақтардың аяқталуы – 19.00 (6 сабақ)
 
 Мектептің жұмыс уақыты:


          Оқу аптасының ұзақтығы - 5 оқу күндері, 1-4-ші  сынып оқушылары үшін – 5 оқу күні,  5-11 сыныптар үшін 5 күндік оқу жүйесі. 1-11 сыныптың ұстаздары үшін сенбі шығармашылық күні болып саналады, әрбір педагог өзінің әдістемелік деңгейін дамыту мақсатында тәжірибе алмасу, семинарларға қатысып, өз іс тәжірибесімен бөлісуі қажет





 
 1 ауысым қоңыраулар кестесі                         2 ауысым қоңыраулар кестесі
 1 сабақ 08.00 – 08.45                                            1 сабақ 14.00 – 14.45
 2 сабақ 08.50 – 09.35                                            2 сабақ 14.50 – 15.35
 3 сабақ 09.45 – 10.30                                            3 сабақ 15.45 – 16.30
 4 сабақ 10.40 – 11.25                                            4 сабақ 16.40 – 17.25
 5 сабақ 11.30 – 12.15                                            5 сабақ 17.30 – 18.15
 6 сабақ 12.20 – 13.00                                            6 сабақ 18.20 – 19.00
 7 сабақ 13.05 – 13.50
 
 

Бастауыш сыныптарда сабақтар уақытында 2-3 минут күнделікті сергіту сәті өткізіледі;
             1-11 сыныптың  азқамтылған  , қорғаншылыққа алынған оқушыларға тегін тамақтану ұйымдастырылады;


 Каникулдар:
       Оқу жылының ұзақтығы демалыс уақыты қатаң түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен анықталған
 
 2021-2022 оқу жылына каникул кезеңдері:


        1-11 сыныптарда күзгі каникул - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан - 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда); 

    1-сыныптарда 7 күн мерзімде (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленген.                                   
 
 

Мерекелік күндер:
 
 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
 16,17 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні
 1–2 қаңтар – Жаңа Жыл
 7 қаңтар - Рождество
 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні
 22 наурыз – Наурыз мейрамы
 1 мамыр – ҚР Бірлік күні
 7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күні
 9 мамыр – Жеңіс күні
 6 шілде – Астана күні
 30 тамыз– ҚР Конституциясы күні
 
 




1.Жалпы ережелер
 
 1.1 Мектеп қызметкерлері кестеге сәйкес мектеп директорымен бекітілген, кәсіподақ комитетімен келісілген бойынша оларға ұсынылған лауазымдық міндеттері және оқу кестесімен, мектептің жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды;
 1.2. Педагогикалық қызметкерлер жұмыс орынында 20 минут бұрын болуы қажет. Сыныпқа кешігіп келу және қоңыраудан кейін себепсіз кешігу, сабаққа дайындалу оқу тәртібін бұзу болып табылады;
 1.3. Әкімшілік педагогикалық қызметкерлерге кезекшілік бөліп беріледі. (қосымша №3) Кезекшілік оқу сабақтарының басында 30 минут кешіктірілмей басталуы керек және 30 минут ауысым аяқталғанша жалғасуы керек. Кезекшілік кестесі директормен әрбір айға арналып бекітіледі. Кезекшілер нақтыланған постарда бекітіліп және жауаптылар болып табылады:
 1) тәртіпке; 2) санитарлы жағдайға; 3) өзінің нысанының және бөлініп берілген аумағының эстетика түріне жауапты;
 1.4. Педагогикалық қызметкерлер барлық мектептің және қоғамдық шараларға оқу жүктемесінің санына қарамай, жұмыс уақытының 40 сағат көлемінде ұзақтығын арттырмай қатысулары міндетті; 
 1.5. Мектеп әкімшілігі оқытушылардың сағат жүктемелерін қабылданған нормаларға мектептің мүмкіншілігіне және қызығушылық басылымдықтары негізінде мектеп мұғалімдерінің біліктілік мінездемелері мен жетістіктерін ескере отырып сабақтастық және толық қанды принциптеріне қарай бөлініп беріледі;
 1.6. Мектептегі оқу сабақтарының кестесі оқу жоспары негізінде директормен бекітіліп, кестеге сәйкес міндетті түрде орындау үшін өткізіледі; кестеге сәйкес сабақты өткізбеген қызметкер ережені бұзған болып есептеледі;
 1.7. Сабақтар кестесі мектеп әкімшілігімен оқу материалын жағымды қабылдауды ескере отырып, еңбек тәртібінің қиындық деңгейлерімен, оқушылардың демалулары және санитарлы ережелер және нормалар талаптарын сақтаумен жасалады;
 1.8. Мұғалім сабақ кезінде сыныптан шығуға немесе басқа да бөтен қызметтермен айналысуға, басқа қызметкерлермен әңгімелесуге, ұялы телефонмен сөйлесуге құқығы жоқ. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың өміріне, денсаулықтарына және қауіпсіздіктеріне толық жауаптылық алады
 
1.9. Бөгде  тұлғалардың мектеп ауласына және ғимаратқа  мектеп күзеті мен әкімшілігінің рұқсатымен ғана кіре алады







2.Педагогтердің құқығы және міндеттері
 Мектептің педагогикалық қызметкерлері
 2.1. Сабақтарды өткізу уақытында мектепте өткізілетін (сабақтарда), сыныптан тыс, мектептен тыс шараларда балалар өмірі мен денсаулығы үшін толық жауаптылық алады;
 
 2.2. Оқушылардың жарақаттануларының барлық жағдайында шапшаң түрде мектеп әкімшілігіне хабарлайды, сонымен тиісті органдарға (жедел жәрдем, өрт бөліміне және т.б.) әкімшілік мүшелері арқылы хабарлайды;
 
 2.3. Ұжым арасында этикалық нормаларды және этиканы сақтау (ұжым арасындағы дұрыс ахуалды сақтау, бір-бірі туралы ғайбат сөйлеуге жол берілмеуі қажет) қатаң түрде талап етіледі;


 Мектептің педагогикалық қызметкерлері міндетті:
 2.4. Педагогикалық кадрлар аттестаттау Ережесіне сәйкес 5 жылда бір рет аттестаттаудан өтеді, жүйелі біліктілігін арттырады, жұмыс сапасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады, педагогикалық тәжірибені таратады және меңгереді;
 
 2.5. Мектепте өтетін барлық шараларға сабақ кестесіне қарамай қатысуға міндетті;
 
 2.6. Жылға бекітілген тақырыптық жұмыс жоспары, әр сағатқа сабақ жоспары, өзіндік білім жетілдіру жоспары, дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары, сынып сағатымен қоса болуы және мектеп құжаттарын уақытылы және сапалы толтыруға міндетті;
 
 2.7. ҚР білім беру жүйесінде қызметкерлер лауазымдары және мамандық тізімдемесін лауазым мен мамандық бойынша жұмыстарды біріктіруге міндетті. Мектептің кәсіподак комитетімен келісілгені бойынша мектеп әкімшілігі мамандықтарды (лауазымдарды) біріктіруге рұқсат етеді;
 
 2.8. Директордың барлық бұйрықтарын және директордың орынбасарларының өкімдерін уақытылы мерзімде орындау. Еңбек дауы бойынша келіспеген жағдайда арыздануға құқылы;
 
 2.9. Лауазым нұсқамаларымен және ережелерімен, ішкі еңбек тәртіп ережелерімен, жалпы білім беретін мектебі Жарғысымен, ҚР заңнамаларымен оларға артылатын, міндеттерді қатаң орындауға, абыроймен және адал жұмыс жасауға міндетті;
 
 2.10. Мектептің негізгі тәртіптері – еңбек тәртібін сақтауға, уақытылы жұмысқа келуге, бекітілген жұмыс күні ұзақтығын сақтауға, оларға артылған міндеттерді әсерлі орындауға және оны шығармашылық үшін қолдануға, еңбек міндеттерін орындауда қызметкерге кедергі келтіретін жағдайлардан тартынуға, білім беру ұйымы директорының өкімдерін нақты орындауға міндетті;


 2.11. Қоғамдық орындарда және тұрмыста, жұмыстарда жоғары моральді міндетті және қадір-қасиетті мінезде үлгі болуға міндетті, балаларға көңіл қоюға, оқушылардың ата-аналарына, ұжым мүшелеріне сыпайы болуға;
 
 2.12. Техника қауіпсіздігі бойынша, мекеме тазалығына және өрт қауіпсіздігіне қарастырылған нұсқамалар мен ережелерге сәйкес сақтауға, барлық жарақаттану жағдайлары жөнінде әкімшілікке жылдам хабарлауға міндетті;
 
 2.13 Мемлекетік меншікті қорғау және бекіту (құрылғыларды, құрал-саймандарды, оқу көрнекіліктерін т.б.) электр энергиясын, материалдарды үнемдеп шығындау, оқушыларды мектеп мүлкін ұқыпты сақтауға тәрбиелеу. Өзінің жұмыс орнын тазалық тәртібінде сақтауға міндетті;
 
 2.14. Мектепішілік құжаттарды уақытылы жүргізу (журналдар, күнделіктер, оқушылардың үлгерім табельдері);
 
 2.15 Мектеп әкімшілігіне педагогтер төтенше және стандартты емес жағдайлар болған туралы жедел түрде мектеп әкімшілігіне хабарлауға міндетті (жедел жәрдем, өрт бөлімшесіне және т.б.) ;
 
 2.16. Педагогтердің сыртқы түрі киімі іскер стилінде, қатал және ұқыпты, тазалыққа сәйкес болуы қажет;
 
 2.17. Жыл сайын белгіленген мерзімде дәрігерлік тексерістен өту туралы нұсқамаларға сәйкес өту қажет;
 
 2.18. Білім басқармасы немесе мектеп директорының бұйрығы бойынша ғана спорттық жарыстарға және басқа шараларға қатысуға, қоғамдық тапсырмаларды орындау үшін мектеп сабақтарынан оқушылар босатылады;
 
 











 3.Педагогикалық қызметкерлерге тыйым салынады: 


 3.1.Өзінің ыңғайы бойынша сабақтар кестесін (сабақтарды) және жұмыс кестесін өзгертуге; сабақтарды және олардың арасындағы үзілісті алып тастауға, ұзартуға және қысқартуға тыйым салынады;


 3.2. Оқу процессімен байланыспайтын, оқу жылы уақытында оқушыларды жұмыстарға алаңдатуға, оқушыларды сабақтардан шығаруға тыйым салынады;


 3.3. Шылым шегуге, спирттік ішімдіктерді ішуге мектеп аумағында және оның бекітілген аумағында тыйым салынады;
 
 3.4. Мұғалім оқушы сабаққа кешігіп келсе, сабаққа кіргізбеуге құқысы жоқ. Егер оқушы оқу құралдарын үйде ұмытқан жағдайда, мұғалім баланы үйге жіберуге немесе сыныптан шығарып тастауға құқығы жоқ; 
 
 4.Сынып жетекшісі міндетті:


 4.1. Мектеп Жарғысын қатаң сақтауға;
 
 4.2. Сынып сағаттарын аптасына бір рет тәрбие жұмыстары кестесімен және жоспарына сәйкес өткізуге;
 
 4.3. Бекітілген тәрбие жұмыстары жоспарына сәйкес сабақтан тыс тәрбие жұмыстарымен сыныппен бірге дайындалу. Үздіксіз, жылына төрт реттен кем емес, сынып және ата-аналар жиналысын өткізуге міндетті;
 
 4.4. Оқушылардың күнделігіне қойылған бағаларды тексеруді аптасына бір рет жүргізуге міндетті;
 
 4.5. Сынып жетекшілері мектепте сынып оқушыларының бірінші және соңғы сабағына дейін болуы міндетті.

4.6. Оқушылардың әлеуметтік жағдайымен таныс болуға, отбасында (өгей әке, өгей шеше тарапынан) зорлық-зомбылық көрмейтіндігіне көз жеткізуге міндетті. 









6.Ата –аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі


6.1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

6.2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.

6.3. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалау керек жалпы орта білім беру мекемесінде белгіленген, мектеп киім үлгісін киюді сақтау және мектепте түрлі конфессялардың діни киім үлгілерін мектепте киюге жол бермеуді (соның ішінде бас киімдер (тақиялар, бас орамалдар. т.с.с), ата-ана баласын мектеп формасымен,  қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.

6.4. Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.

6.5. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.

6.6. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.

6.7. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.

6.8. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.

6.9. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.                                                                                            

6.10. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге ата -ана міндетті.                         

6.11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;      

6.12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;                 

6.13. Балаға сағат 22.00 ден бастап, далада жүруіне тыйым салуға;                                   

6.14. Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;  

6.15. Баланың мектепке дейін және мектептен шыққан соң өмір қауіпсіздігіне ата- ана жауапты 







          7. Мектептегі кезекші әкімшіліктің қызметтік нұсқаулығы
 1. Жалпы ереже
 1.1 Кезекші әкімшілік мектеп директорының бұйрығы негізінде директор орынбасарларынан бектіледі.
 1.2 Кезекші әкімшілік тікелей мектеп директорына бағынады.
 1.3 Кезекші әкімшілікке ұйымдастыру сұрақтары бойынша тікелей бағынады:
 - Кезекші сыныптардың сынып жетекшілері
 - Кезекші мұғалімдер
 1.4 Кезекші әкімшілік өзінің қызметінде ҚР білім туралы, ҚР еңбек кодексі, ҚР «Бала құқығы туралы» ратифициялаған конвенция ,  ҚР азаматтық кодекс заңдары мен ҚР мемлекеттік білім бағдарламасының қаулысы , ҚР «Неке және отбасы туралы» заңын,  мектеп ережесін білім министрлігі мен басқа да мекемелердің білімге қатысты сұрақтарды, әкімшілік, еңбек, шаруашылық заңнамаларын, еңбекті қорғау нормасы,  қауіпсіздік,  өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін және мектептің құқықтық актілерін (оның ішінде ішкі еңбек тәртіп ережелері) басшылыққа алады. Кезекші әкімшілік балалар құқығын қорғау Конвенциясын сақтайды. 
 2. Қызметі
 Кезекші әкімшілік қызметінің негізгі бағыттарына кіретін:
 2.1 Өзінің кезекші кезінде тәрбие мен білім беру үрдісін ҚР заңнамаларымен мектеп Уставна сәйкес ұйымдастырады. 
 3. Қызметтік міндеттері:
 Кезекші әкімшілік келесі қызметтік міндеттерді атқаруы тиіс:
 3.1 Ұйымдастырады:
 - тәрбие мен білім беру үрдісіне қатысты барлық сабақ кестесі, үйірме, секциялардың және т.б жүргізілуін;
 - қажет болған жағдайда, авария қызметін шақыру және қадағалау;
 3.2 Бағыттайды:
 - әлдеқандай  жағдайларда коммуналдық авариялық және өрт, су арнайы қызметкерлермен біргіп, мектеп оқушыларын, қызметкерлерін бағыттау жұмыстарына;
 3.3 Әлдеқандай жағдайларда басқарады:
 
- авариялық және арнайы топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
 - мектеп қызметкерлерімен оқушылардың қызметін ұйымдастыруды;
 - қызметкерлермен оқушыларды көшіруді;
 3.4 Бақылайды:
 - мектептің ішкі еңбек ережесінің орындалуы мен  қызметкерлердің жұмыс тәртібін;
 - оқушылардың тәртіп ережелерін;
 - барлық білім беру үрдісіне қатысты үйірме, секция т.б. кестелерінің сақталуын;
 3.5 Түзетеді:
 - оқыс жағдайларда үйірме, секция т,б кестелерін;
 
 3.6.Кеңес береді:
 
- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру сұрақтары бойынша мектеп оқушыларына, оқушыларға, және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне)
 3.7 Қамтамасыз етеді:
 
- әлдеқандай жағдайларда коммуналдық авариялық және арнайы қызметкерлер, ата-аналармен, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымымен тиімді өзара байланысты;
 - өз кезекшілігінде барлық білім беру үрдісінде мектептің жұмыс пен сабақ кестесін бұзушылардан себебі туралы жазбаша түсініктеме алу; 

4.Құқылы:
 
Кезекші әкімшілік
 4.1 өз кезекшілігінде тәрбие-білім беру үрдісін ұйымдастыруға байланысты кез-келген шешім қабылдап басқаруға;
 4.2.Мектеп қызметкерлерінен мектептің ішкі еңбек ережесі, қызметкерлердің жұмыс тәртібі, сабақ, үйірме, секция т.б. кестелерінің сақталуын талап етуге;
 4.3. Мектеп қызметкерлеріне міндеттерді бөліп беруге;
 4.4. Оқу-тәрбие үрдісіндегі мадақтау  және ескерту туралы бекітілген ережелер бойынша оқушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту.
 4.5. Мектеп қызметкерлерін жауапкершілік тәртіпке ұсынуға;
 5.Жауапты 
 5.1. Мектептің ішкі тәртіп ережесі мен Жарғысын мүлдем орындамағаны немесе себепсіз орындамағаны үшін мектеп директорының және жергілікті нормативті актілері мен қызметтік міндеттерін осы қойылған нұсқаулықтарды, оның ішінде ұсынылған ұсынылған ережені қолданбағаны үшін.
 5.2. Кезекші әкімшілік жеке оқушыға дене жарақаты мен психикалық тұрғыда бір рет нұсқан келтіргені үшін атақарып отырған қызметінен  ҚР-ның «Білім беру туралы» Заңы  мен  Еңбек Кодексі талаптары негізінде босатылады.
 5.3. Әкімшілік өз кезекшілігінде ережелерде қарастырылғандай еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигеналық ережелерді білім беру мен шаруашылық үрдісінде бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
 5.4. Әкімшілік өзінің қызметтік міндетін атқаруда мектепке немесе білім беру үрдісіне қастысушыға нұқсан келтіргені үшін бекітілген еңбек және азаматтық заңнамалармен материалдық жауапкершілікті қамтиды.
 Өзара қарым - қатынас. Қызметіне байланысты.
 6.Кезекші әкімшілік:
 6.1.Мектеп директорының бекітілген кестесімен жұмыс істейді;
 6.2. Мектептегі оқушылардың өмірімен денсаулығына байланысты болған барлық оқыс жағдайлардың талапқа сай орындалуын хабарлайды


 

Қосымша №2


 Мектептің оқушыларға арналған мектепішілік

ішкі тәртіп ережесі

І. Жалпы ережелер

    Осы ережелер оқушылардың мектеп ғимаратында және аумағында мінез-құлық нормаларын бекітеді. Ереже мақсаты - оқу-тәрбие үрдісін табысты жүргізуге ықпал ететін, тұлғаның және оның құқығын сыйлауды қалыптастыратын қарым-қатынас мәдениетін дамытуға ықпал ететін қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру.

1.Жалпы мінез-құлық ережелері

    Оқушы мектепке таза және ұқыпты киініп, сабақ басталардан бұрын 10-15 минут ерте келеді.  Мектепке келген оқушы сыпайылық ережесін сақтауы тиіс. 

Мектеп ғимаратына немесе мектеп аумағына кез келген мақсатпен суық қару, жарылғыш және өрт қауіпті заттар, үшкір, кескіш-тескіш заттар, спиртті ішімдіктер, есірткі және басқа да ақыл-естен айыратын улы, газды баллондар әкелуге тыйым салынады. 

      Мектеп қабырғасынан сабақ уақытында сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды. Сабақтан қалған оқушы сынып жетекшіге дәрігердің анықтамасы немесе сабақтан қалу себебін түсіндіретін басқа құжат алып келуі тиіс. Сабақтан себепсіз қалуға қатаң тыйым салынады. Ата-аналар сынып жетекшісіне белгілі себептерге байланысты сабақ босататындығы туралы  алдын-ала   хабарлап айтуы тиіс.

     Мектеп оқушылары оқу процесі кезінде мектеп ауласынан шығуға болмайды.

Мектепке бағалы киім киіп келуге болмайды. Мектепке алтын әшекейлік бұйымдар тағып келуге болмайды. Мектепке қымбат  ұялы телефон (смартфондар) әкелуге болмайды.  Алыста тұратын  оқушылар жәй телефондарды ұстауына болады. Бірақ, сабақ уақытында ұялы телефонды өшіріп қою керек. 

     Мектеп ішінде бас киіммен жүруге болмайды, мектепте хиджаб киюге, орамал   тағуға  болмайды.

       Мектеп қабырғасынан сабақ уақытында мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз кетуге болмайды. 

         Оқушыларға білім беру орындарында тұтынуға тыйым салынған азық–түліктерді дүкендерден сатып алып  мектепке әкелуге, тұтынуға болмайды.

       Мектеп оқушысы сабаққа келгенде қажетті оқу құралдарын, кітап, дәптер, күнделігін алып келеді. Оқушы сабаққа үй тапсырмасын орындап, сабақ кестесі бойынша барлық оқулықтарын алып келеді. Мектеп оқушысы оқулықтың толық сақталуы үшін жеке жауапкершілік  алады. 

        Мектеп оқушысы үлкендерді сыйлайды, кішілерді қамқорлыққа алады. Оқушылар мен ұстаздар бір-біріне сыйластықпен қарым-қатынас жасауы тиіс. Мектеп оқушылары үлкендерге, жоғары буын оқушылары  кіші буын оқушыларына, ұлдар қыздарға  жол беруі тиіс. 

     Кез келген мектептен тыс жерде мектеп оқушылары өздерінің тәрбиелі мінез-құлқымен ерекшеленуі тиіс. 

     Оқушылар мектеп мүлкін ұқыпты ұстауға, сақтауға, бүлдірмеуге және бұзылған жағдайда жөндеуге мүмкіндігінше көмек беруге міндетті.  

ІІ. Сабақ үстіндегі тәртіп ережесі

Мұғалім сыныпқа кірген кезде оқушылар орындарынан тұру арқылы сәлемдеседі және мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Осылайша оқушылар сыныпқа кірген кез келген үлкен адамды қарсы алады.

      Әр пән мұғалімі өз пәні бойынша арнайы ережелерді анықтайды. Ол ережелер Қазақстан Республикасының Заңдарына, нормативті құжаттарға және мектеп ережесіне қарсы келмеуі тиіс. Осы ережелерді әр оқушы ұстануға міндетті.

Сабақ барысында шулауға, басқа нәрселермен айналысуға, басқа оқушыларды бос сөзбен, ойынмен, сабаққа қатысы жоқ істермен көңілін бұзуға тыйым салынады. Сабақ уақыты оқу мақсатында қолданылуы тиіс.

     Егер сабақ кезінде оқушыға сыртқа шығу керек болса, ол қолын көтеріп мұғалімнен рұқсат алады.

      Егер оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы немесе мұғалімнің сұрағына жауап бергісі келсе ол қолын көретеді. Сабақ соңында берілетін қоңырау мұғалімге арналып беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялаған соң ғана оқушылар сыныптан шыға алады. Сыныптан мұғалім немесе басқа да үлкен адам шыққанда оқушылар орнынан тұрады.

ІІІ.Сабақ басталар алдындағы, үзілістегі және сабақ соңындағы ережелер

  Сабақ басталар алдында: алғашқы қоңырау соғылғанға дейін кабинетке келу; алғашқы қоңыраудан соң мұғалімнің рұқсатымен сыныпқа кіріп, сабаққа дайындалу.



      Үзіліс кезінде оқушылар міндетті: 

  • өз жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтауға; 
  • сыныптан шығуға; 
  • дәлізде және баспалдақта оң  жақпен   жүру; 
  • мектеп қызметкерлерінің, кезекші оқушылардың, мұғалімдердің талаптарына бағыну; 
  • мұғалімнің сұранысы бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындау; 
  • сабаққа кешіккен жағдайда есікті қағып, кірген соң мұғаліммен амандасып, кешіккені үшін кешірім сұрап, орнына отыруға рұқсат сұрауы  керек. 

Үзіліс кезінде оқушыларға тыйым салынады: 

  • Дәлізде, терезенің жанында және ойынға арналмаған басқа жерлерде жүгіруге; 
  • бірін - бірі итеруге, заттарды лақтыруға және кез-келген мәселені шешу үшін күш көрсетуге; 
  • басқа адамның абыройы мен дәрежесін түсіретін сөздерді қолдануға, шулауға, басқаларға демалуға кедергі жасауға; 
  • мектеп территориясынан кетуге, ғимарат ішінде, ауласында темекі шегуге болмайды.
  • Сабақтан соң:  

   Ұқыпты киініп, сыйластық ережесін сақтай отырып, мектеп ғимаратынан кеткен соң мектеп территориясында топталып тұруға қатаң тыйым салынады. 

Оқушылар асханада болғанда:

  • Мұғалім мен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағынады; 
  • тамақ алу кезінде  кезек күтеді; 
  • ыстық, сұйық  тамақты алу және ішу кезінде сақ болу; 
  • асханадан алған тамақты тек асханада ішу; 
  • тамақ ішіп болған соң, ыдыстарды жинап кету. 

Балаларға білім беру орталығында тыйым салынатын, сатуға тыйым салынған жерлерден сатып алынған азық–түліктерді мектепке әкелуге, қолдануға болмайды.

ІҮ.Қорытынды жағдайлар

  • Мектеп оқушыларына сабақтан себепсіз қалуына болмайды.
  • Оқушылар мектеп қабырғасында жүргенде, мектепішілік іс-шаралар барысында өзіне және басқалардың өміріне қауіпті әрекеттер жасамауы тиіс;
  • Оқушылар сабақ біткен соң, сабақтан тыс іс-шаралар барысында мұғалімнің рұқсатынсыз мектеп ғимаратына кіруге рұқсат етілмейді;
  • Осы ережені бұзған жағдайда оқушылар мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес тәртібі мектеп тәртіп кеңесінің талқысына салынады, ата-анасы шақырылып тәртіптік шара қолданылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 31 бабының                      3 тармағына сәйкес шара қолданылуы  мүмкін.


Қосымша №3

Мектеп  оқушыларының формасы жөніндегі  

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

  Оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен міндетіне, мектеп қызметінің әдістемелік негізіне сәйкес келетін  мектеп оқушысының сырт келбеті – тәртіп сақтау және оқу мотивациясын көтеруге қажетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,  іскерлік атмосферасын құрудың маңызды факторларының бірі.   

    Оқушының сырт-келбетіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Білім заңына», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына негізделеді, Мектеп Жарғысының, тазалық және гигиена ережелерінің талаптарынан туындайды, этикалық және эстетикалық аспектілерді енгізе отырып, өзін өзі сыйлауға, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын қалыптастыруға, мектеп  беделін көтеруге бағытталады.   

ІІ. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері

    Мектеп оқушысы сабаққа таза, ұқыпты және мектеп формасын киіп келуге міндетті. 

Мектеп формасына қойылатын талаптар 

  • Форманың жалпы стилі – классикалық, іскерлік (пандемеяға байланысты мектеп формасы классикалық үлгіде жағарғы жағы ақ, төменгі жағына қара көк белгіленген)

  Ұлдар – ақ жейде, көк түсті костюм, жилет, шалбар ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет, галстук, трикотаж жилет –көк түсті. 

Қыздар – ақ түсті жейде, көк түсті пиджак, галстук, жилет, юбка (мектеп үлгісінде) (тым қысқа немесе тым ұзын болмауы керек), шалбар кок түсті классикалық үлгіде ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет (қысқы мезгілде).

Спорттық киімдер (пандемеяға байланысты мектеп формасы талап етілмейді)

       Спорттық киімге қойылатын талаптар: 1-4 сыныптар үшін сары түсті,  5-7 сыныптар үшін қызыл, 8-11 сыныптар ақ футболка, қара немесе қара-көк түсті шорты (қысқы мезгілде – қара немесе қара-көк түсті спорттық костюмдер), спорттық платформасыз аяқ киім. Спорттық киім дене шынықтыру сабағы, спорттық жарыстар, Денсаулық күніне және т.б. арналған.

Қатаң түрде тыйым салынады: 

  • Мектеп ішінде оқушының бас киіммен жүруіне;
  • маникюрмен, макияжбен және шаштарын жайып, әртүрлі түске бояп, көлемді әшекей, жастардың әр түрлі бейресми топтардың атрибуттарын тағып келуге қатаң тыйым салынады.
  • сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлесу құрылғыларын (минимикрофондар, т.б.) қолдануға;
  • джинсы, дискотека киімін киіп келуге;
  • қыздарға мектеп сөмкесінің орнына оқулық пен дәптер сыймайтын кішкене әшекейлік сөмке ұстауға тыйым салынады. 

ІV. Осы Ереженің талаптарының орындалуын қадағалау

   Сырт келбетке байланысты осы Ереженің талаптарының орындалуы күнделікті қадағаланады және келесі деңгейлерде іске асырылады:

1. Сынып ұжымында  - бекітілген сынып жетекші; 

2. Ауысым бойынша – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 

3. Мектеп бойынша – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және әлеуметтік педагог. 

4. Жалпы мектеп бойынша – мектеп директоры. 

5. Осы Ереже талаптарын жүйелі түрде бұзған және оған мойын ұсынудан бас тартқан оқушыларға Мектеп жарғысына сәйкес тәртібі мектеп кеңесінің талқысына салынады, ата-анасы шақырылып тәртіптік шара қолданылады.


















Бекітемін_________ 

Мектеп директоры   

        Д.Р.Кержикеева 

01.09.2021 жыл


Алматы қаласы Жетісу ауданы №185 ЖББМ-тің  әкімшілік мүшелерінің апталық кезекшілік кестесі 

2-корпус


Апта күндері

Әкімшілік мүшелері


Қызметі 

Қолы 

Дүйсенбі 

Қали А.С

оқу ісі жөніндегі орынбасары 


Сейсенбі

Маратова Б.А

оқу ісі жөніндегі орынбасары


Сәрсенбі 

Канабекова Ж.С

тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары


Бейсенбі 

Мамырова Э.А

оқу ісінің жөніндегі орынбасары


Жұма 

Мамырхан Д.Е

тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары


Сенбі 

Болат Ұ.Е

АӘД ұйымдастырушысы
























Бекітемін_________ 

Мектеп директоры   

        Д.Р.Кержикеева 

01.09.2021 жыл


Алматы қаласы Жетісу ауданы №185 ЖББМ-тің  әкімшілік мүшелерінің апталық кезекшілік кестесі 

1-корпус


Апта күндері

Әкімшілік мүшелері


Қызметі 

Қолы 

Дүйсенбі 

Құрманбек Н.Б

оқу ісі жөніндегі орынбасары 


Сейсенбі

Туманшиева Ф.Қ

оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары


Сәрсенбі 

Шидеева С.Ж

Әлеуметтік педагог



Бейсенбі 

Шидеева С.Ж

Әлеуметтік педагог



Жұма 

Мұхтар М.М

Тәлімгер 


Сенбі 

Мұхтар М.М

Тәлімгер 






















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: