Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Еңбегімен ел таныған» ұстаздар
17
февраль
2025

«Еңбегімен ел таныған» ұстаздар

№185 мектеп-гимназиясының базасында өткізілген «Еңбегімен ел таныған» ұстаздар қауымымен кездесу /17.02.2025ж/
Кездесу қонақтары:
1. Үркімбаева А.Р.
2. Балабаева А.К.
3. Абильмажинова М.Н.
4. Сейсекенова Г.З.
5. Шалова Р.М.
Кештің мақсаты: «Еңбегімен ел таныған» ұстаздардың тынымсыз еңбегін ел жадында сақтап, халықтың құрметіне бөленген игі істерін, ұстаздық жолындағы еңбектерін, адам өміріндегі алатын орны мен қоғамдағы өзгерістерге сай азаматтық позициясын құрметтеу.
«Неге арналсаң, соны істе» - деп, Абай айтқандай, қашанда өз орнын өзі тапқан ұстаздарға мынау көп салалы өмірде таңдау жасау оңай болған жоқ десек те, ең бастысы – адамның еңбекке қабілетті, зейінді болуы оның мамандығына, өзі өскен ортасына байланысты болуы шарт дей отырып, өз ісіне таңдауы дұрыс, сенімді ұстаз ретінде жетістігін құрметтей отырып, “Танысу тренингі” өткізілді. Оқушы мен ұстаз арасында диалог болды. “Ұстазға мың алғыс” оқушылардың әдеби сазды әнінен кейін «Сұрақ –бізден, жауап сізден» айдарымен ұстаздарға арнайы дайындалған жүргізушінің сұрақтары қойылды.
1. Бүгінгі күні елімізді өркендету үшін қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
2. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек? Өздеріңіз қай уақыттан бастап дайындалдыңыздар?
3. Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не? Өмір бойы бір мамандықты алып жүруге қалай қарайсыз?
Кештің соңында «Еңбегімен елге танылған» ұстаздардың шәкірттерімен «Ашық сұхбат» жүргізіліп, келген ұстаздарға «Мың Алғыс!» айтылып, кәде-сый жасалынды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: