"Ұстаз келбеті " » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұстаз келбеті "
20
август
2021

"Ұстаз келбеті "

"Ұстаз келбеті " байқауы

" Мектепшілік бақылау аясында мұғалімнің сымбатына назар аударылып , "Мұғалім сымбаты" тақырыбында дәрістер, көрсетілімдер, конкурстар ұйымдастыру туралы көрсетілген 2021 - 2022 оқу жылындағы нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы, Алатау ауданы, #185 жалпы білім беретін мектепте ұстаздар арасында " Ұстаз келбеті" тақырыбында байқау ұйымдастырылды.
 
1.      Мақсаты:
Педагогикалық  кәсіби шеберлігінің ақпараттық –психотехникалық дамуы, педагогикалық имидж туралы білімін жүйелеу .

Байқау 4 кезеңнен тұрды.
 
 
1-     Кезең:  Таныстыру  ( Бұл айналымда ұстаздар  презентация, видеороликтер жасай отырып өздерін  қызықты етіп, сахнада жанды дауыста таныстырады.  Ұстаздың сырт келбеті, өзін ұстауы, дауыс ырғағы, жаңашылдылығы бағаланады)   3-5 мин.
2-     Кезең:  « Педагогтың идеалды келбеті» жоба қорғау. ( Бұл кезеңде ұстаздар кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты, жаңашылдылығы,  идеалды бейне құрылымы ,  сырт бейне мен ішкі бейненің үйлесім табуын  жобада көрсету. Еркін форматта.)  5-7 мин.
3-     Кезең:   Үй тапсырмасы. « Ұстаз келбеті» тақырыбында мақала жазу -( Ең үздік мақала сайтта жарық көреді. Мақала 5-7 беттен кем, артық болмауы тиіс)
4-     Кезең:  « Оқып , жауап бер» ( Бұл кезеңде  әділқазылар тарапынан тапсырмалар беріледі: мәтінді оқып ,  сұрақтарға жауап береді)  1-2  мин
 
Төмендегі критерийлер бойынша қатысушылар бағаланып, келесідегідей жүлделі орынға ие болды.
      1. Қатысушының сыртқы киім үлгісі
      2. Өзін – өзі ұстауы, мимикасы
      3. Дауыс ырғағы , сөз саптауы
      4. Сауаттылығы
      5. Жаңашылдылығы , тапқырлығы

♥️Бас жүлде - ағылшын тілі пәні мұғалімі - Ибадуллаева Мадина
♥️ 1 орын - бастауыш сынып мұғалімі - Қолхаева Гаухар
♥️ 2 орын - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Бекбергенова Ақерке
♥️ 3 орын - тарих пәні мұғалімі - Қонысбеков Атабек пен математика пәні мұғалімі - Нұржыма Назира

Құттықтаймыз! 👏👏👏

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.⚘⚘⚘

https://www.instagram.com/tv/CSytMwgDpzm/?utm_source=ig_web_copy_link

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: