Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сырғалым – сырласым!» тақырыбында аудандық мектептер арасында байқау өтті.
06
март
2025

«Сырғалым – сырласым!» тақырыбында аудандық мектептер арасында байқау өтті.

 Алматы қаласы,Білім басқармасы Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№185 мектеп-гимназия» КММ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының»жоспарына сәйкес жеңге мен қайынсіңлісі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғындыруға тәрбиелеу мақсатында «Сырғалым – сырласым!» тақырыбында аудандық мектептер арасында байқау өтті.Сайыс таныстыру, сұрақ-жауап, өз өнері, жеңгелері қайынсіңлісінің шашын өру және сұрақ-жауап сынды 5 кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысында өнерімен көпшілікті тамсандырып, ерекше көзге түскен жұптар марапатталды
Бүгінгі байқау халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлісі арасындағы қарым - қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосқанына сенімдіміз.
https://www.instagram.com/reel/DG3fSwvNwKb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: