24
апрель
2025
“Межпредметные связи как способ повышения мотивации к изучению русского языка и литературы” тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізді
https://www.instagram.com/reel/DI1IsfVoLNI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==2025 жылдың 24 сәуірінде жоғары мектеп тренерлер корпусының қалалық онкүндік жоспарына сәйкес, №185 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті тілі пәні тренерлері Г.И.Аманова, А.Ж.Чалова, А.Ж.Жайлыбаева “Межпредметные связи как способ повышения мотивации к изучению русского языка и литературы” тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізді. Семинар-практикум практикалық алаңды қамтып, озық тәжірибелер деңгейлі түрде ұйымдастырылған. «Өрлеу» ҰО Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға тренері А.С.Ыбышева кіріспе сөз алып, озық тәжірибелер алаңының жұмысын бастады. Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәні тренерлері қатысушыларға пәнаралық сабақтастықтың жұмыс үлгілерін таратып, өз тәжірибелерімен практикалық жұмыстар жүргізді. Практикум кәсіби құзыреттілікті шыңдап, қатысушылар білім қоржындарына тренерлердің авторлық жұмыстарын алды. Қатысушылар тарапынан семинар өте жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.