Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Оқу сауаттылығы мәнінде жаһандық мәтіндердің практикалық аспектілері” тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
26
март
2025

“Оқу сауаттылығы мәнінде жаһандық мәтіндердің практикалық аспектілері” тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Алматы қаласы Білім басқармасының медиа жоспарына сәйкес 2025 жылдың 26 наурызында №185 мектеп-гимназия базасында орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне “Оқу сауаттылығы мәнінде жаһандық мәтіндердің практикалық аспектілері” тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның ұйымдастырушылары - ҚББЖТҒӘО, модераторлары: Жакыпова Н.Б., Алимбекова Б.Б.
Семинар-практикум тренерлері №185 мектеп-гимназияның педагог-зерттеушісі, Халықаралық салыстырмалы зерттеулер тренері Қали Ақыл Самарханұлы, “Өрлеу” АО Алматы қаласы Кәсіби даму институтының аға тренері, Халықаралық зерттеулер сарапшысы Есентаева Айжан Ыдырысқызы, Халықаралық зерттеулердің бақылаушы-сарапшысы Халитова Эльдана Ильдархановна, №35 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медведевских Светлана Сергеевна, №68 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макаримова Альфия Нурмухамедовна тәжірибелік алаңда шеберлік сағаттарын көрсетіп, оқу сауаттылығы бойынша авторлық тест сынамаларын өткізді.
Семинар-практикум қатысушылары практикалық тапсырмаларды фронтальды, топтық форматта орындап, мақсатты кері байланысты жүргізді. Барлық қатысушылар семинар-практикумға жоғары бағаларын беріп, ұйымдастырушылар мен тренерлерге алғыстарын білдірді. https://www.instagram.com/reel/DHqeXRrNpW6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: