05
декабрь
2025
“Жас қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты түрде өткізілді.
Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушыларын “Жас қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты түрде өткізілді. Іс-шара барысында бүлдіршіндер ұйым мүшелеріне тән мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант беріп, елін сүйетін, білімді де тәртіпті оқушы болуға уәде етті.
Мектептің чемпион спортшылары мен мектеп парламентінің белсенді мүшелері жас қырандарға ұйымның рәмізі саналатын көк түсті галстуктерін тағып, оларға үлкен сенім мен қолдау білдірді.
Бұл күн – бірінші сынып оқушылары үшін ерекше, ұмытылмас сәтке толы, патриоттық рухты оятатын мерекелік шара болды.
https://www.instagram.com/reel/DR2m3zdjsha/?igsh=MTE1bWIweTBmajM2Mg==