Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
05
декабрь
2025

“Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

Мектебімізде 5-сынып оқушыларын “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты түрде өтті. Бұл — өскелең жас ұрпақтың елге қызмет етуге, білім мен тәрбиеге деген жауапкершілігін арттыратын маңызды әрі қуанышты сәт.

Шара барысында оқушылар “Жас ұлан” ұйымының мүшесі болуға ант беріп, Отанды сүюге, ел бірлігі мен мектеп беделін арттыруға үлес қосуға уәде етті.

Мектептің үздік оқушылары мен белсенді жас көшбасшылары 5-сынып оқушыларына ұйымның айрықша белгісі — көк түсті галстук тағып, олардың жаңа белеске қадам басуын құрметпен атап өтті.

Бұл қабылдау рәсімі жас ұландарды жігерлендіріп, олардың бойына отансүйгіштік, бірлік пен көшбасшылық қасиеттерді нығайтатын тағылымды шара болды.

https://www.instagram.com/reel/DR2nGoOjgKI/?igsh=b2VlbjJpcWpscjh0​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: