13
февраль
2026
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық, сталкинг, буллинг, дропперлер, некеге мәжбүрлеу: мектептің әрекет ету жолдары» тақырыбында семинар
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық, сталкинг, буллинг, дропперлер, некеге мәжбүрлеу: мектептің әрекет ету жолдары» тақырыбында Алатау АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ Ж.Б. Абдимомынов,Алатау АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ аға инспекторы полиция капитаны Тазабекова Меруерт Турганбаковна, Алатау АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ инспекторы полиция лейтенанты А.М. Ниязбектің қатысуымен маңызды семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – қазіргі қоғамда жиі кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу, олардың белгілерін ерте анықтау және мектеп ұжымының әрекет ету алгоритмін нақтылау.
Кездесу барысында төмендегі өзекті мәселелер кеңінен түсіндірілді:
✔ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілері
✔ жасөспірімдер арасындағы сталкинг пен киберқудалау
✔ буллингтің алдын алу және оған жедел әрекет ету
✔ оқушыларды «жеңіл табыс» ұсынатын дропперлік алаяқтықтан қорғау
✔ некеге мәжбүрлеудің құқықтық және психологиялық салдары
Мамандар мұғалімге ең алдымен баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару маңызды екенін атап өтті. Тұйықталу, қорқыныш, үлгерімнің төмендеуі, агрессия немесе мазасыздық – қауіптің алғашқы белгілері болуы мүмкін.
Семинар барысында педагогтерге:
🔹 баламен дұрыс әңгімелесу тәсілдері
🔹 фактілерді тіркеу тәртібі
🔹 мектеп, ата-ана және мамандар арасындағы бірлескен жұмыс
🔹 заң аясында әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Баланың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Мектеп тек білім беріп қана қоймай, әр оқушының құқықтары қорғалған, қауіпсіз орта қалыптастыруға жауапты екенін тағы бір мәрте атап өтті
Семинар спикерлері:
Алатау АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ
Ж.Б. Абдимомынов
Алатау АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ аға инспекторы полиция капитаны Тазабекова Меруерт Турганбаковна
Алатау АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ инспекторы полиция лейтенанты А.М. Ниязбек
https://www.instagram.com/reel/DUsUhjFDQCu/?igsh=MXdidjJ5OXprNGMwbA==