25
февраль
2026
«Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізілді.
📢 25 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы қаласында «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында «Баршаның назарына!» сигналы беріліп, қала аумағында қысқа уақытқа сиреналар қосылды. Сонымен қатар телерадио хабарларын тарату арналарын ұстап қалу жүйесі іске қосылды.
🏫 Мектебімізде де аталған оқу-жаттығу ұйымдастырылып, оқушылар мен қызметкерлерге төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет тәртібі түсіндірілді.
«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Сигналды естіген жағдайда:
✔ теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосу;
✔ ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты тексеру;
✔ берілетін ақпарат пен әрі қарайғы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтармен мұқият танысу қажет.
Мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде сабырлық сақтап, дұрыс әрекет етуге үйрету.
https://www.instagram.com/reel/DVLBLd8jYON/?igsh=Z211bWVvNmIzMHNz