Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс
01
март
2021

Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс

1 - наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні.
Бүгін Азаматтық қорғаныс күні , сіздің кәсіби мерекеңіз . Азаматтық қауіпсіздік-бұл ең алдымен қоғамның қауіпсіздігі.Біз өмір сүріп , қуану үшін табиғи апаттар мүмкіндігінше аз болсын !!

қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.
Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі

Әрбір төтенше жағдайдың өз ерекшеліктері бар және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын шаралардың нақты тізбесі бар. Сонымен қатар төтенше жағдайлар болған ретте адамдарды қорғау үшін қолданылатын іс - қимылдың жалпы жиыны болады, оған күнілгері және төтенше жағдай болғанда тікелей жүргізілетін шаралар қамтылады. Күнілгері жүргізілетіндері: берілген аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайды болжамдау, ықтимал төтенше жағдайлардың шығындарын азайтуға бағытталған шаралар, төтенше жағдай болған кезде жүзеге асырылатын іс - қимылды жоспарлау, төтенше жағдайларда қолданылатын күш пен құралды дайындау, халыққа төтенше жағдайлардағы құлық ережелерін үйрету, төтенше жағдайларда болуы мүмкін материалдық қор жасау. Халыққа хабарлау дегеніміз су басу, орман өрті, зілзала, тасқын не басқадай дүлей апат туралы ескерту, болған апат не алапат туралы ақпарат беру. Бұл үшін байланыс, радио және теледидар құралдарының барлығы қолданылады. Уақыт – басты фактор. Төтенше жағдайларда оны зая жіберуге болмайды. Адамдардың тағдыры осыған көп байланысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: