Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Білім басқармасы №185 мектеп-гимназияның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоғары мектебі тренерлер корпусының қалалық (республикалық) онкүндігі ашылды.
27
апрель
2026

Алматы қаласы Білім басқармасы №185 мектеп-гимназияның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоғары мектебі тренерлер корпусының қалалық (республикалық) онкүндігі ашылды.

Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен “Өрлеу” ҰО Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының келісілген жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасы №185 мектеп-гимназияның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоғары мектебі тренерлер корпусының қалалық (республикалық) онкүндігі ашылды. Кәсіби тәжірибе алмасу 2026 жылдың 15 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында оффлайн форматында №185 мектеп-гимназия базасында өткізіледі.
Тренерлер корпусының биылғы тақырыбы: “БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ: ТӘЖІРИБЕДЕН ЗЕРТТЕУГЕ”.
Тренерлер корпусының жұмыс негіздемесі - Алматы қаласын 2026 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бойынша Жол картасын орындау мақсатында, соның ішінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және қаланың PISA халықаралық зерттеулеріндегі көрсеткіштерін нығайту.
Тренерлер корпусының бас координаторы, педагог-зерттеуші, Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің тренері Ақыл Самарханұлы корпус жұмысын бекітіп, озық тәжірибе алмасу алаңындағы шеберлік сабақтарының құрылымдарымен таныстырды.
https://www.instagram.com/reel/DXmiamYjaz2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: