27
апрель
2026
“ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ МӘНІНДЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ” тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізілді.
Алматы қаласы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен “Өрлеу” ҰО Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының келісілген жоспарына сәйкес №185 мектеп-гимназия базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ МӘНІНДЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ” тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізілді.
Республикалық семинар-практикумға ЖОО ғалымдары, Алматы облысының мұғалімдері қатысты.
№185 мектеп-гимназияның жетекші тренері Ақыл Самарханұлы оқу сауаттылығының (PIRLS) дағдылық көрсеткіштеріне талдама жасап, мәтіндерді оқытудың жолдарын тәжірибеде ұсынды.
Бастауыш сынып мұғалімдері педагог-зерттеушілер, тренерлер М.Курманова, П.Смагулова, Н.Капанова, З.Жантерекова, Б.Умирбаева, С.Кызайбаева PIRLS мәтіндерімен жұмыстың түрлерін тәжірибеде көрсетіп, инфографикалық мәтіндер мен әдеби, цифрлы мәтіндермен жұмыстардың деңгейлері, тапсырма түрлері бойынша әдістемелік әзірлемелерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DXmoLXSjhf4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==