Алғыс хат » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғыс хат
30
август
2021

Алғыс хат

Сарыева Телеу Ахметказиновна - жоғары білікті химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Еңбек өтілі: 36 жыл
Авторлық әдістемелік нұсқаулықтардың, оқулықтар құрастырушы. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқулықтарды талқылау бойынша өткізілген республикалық семинардың топ құрамында, 2015 жылдан бері аудандық, қалалық олимпиадаларда комиссия мүшесі.
Телеу Ахметказиновна білім беру жүйесінде педагогикалық және жетекшілік жұмыстарында мол тәжірибесі бар жоғары білікті, кәсіби маман. Ұстаздық еткен осы жылдар кезеңінде өзін жауапты да білімді, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға бейімделген, майталман маман ретінде көрсете білді. Шәкірттері қалалық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының, аймақаралық байқауларының жүлдегерлері.
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Телеу Ахметказиновна ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: