«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы апробация. Ағылшын тілі пәнінде апробацияның айналым мүмкіндіктері» » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы апробация. Ағылшын тілі пәнінде апробацияның айналым мүмкіндіктері»
26
февраль
2021

«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы апробация. Ағылшын тілі пәнінде апробацияның айналым мүмкіндіктері»



Алматы қаласы Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы апробация. Ағылшын тілі пәнінде апробацияның айналым мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық кәсіби алмасу семинары өтті. Семинар Алматы қаласы ҚББЖТӘО-ның қолдауымен онлайн түрде өткізілді. Тәжірибе алмасу алаңына қаламыздың ағылшын тілі мамандары, ЖОО мамандары, жекеменшік білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мамандары қатысты. Семинар модераторы №185 ЖББМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали семинар барысын жүргізіп, талқысөз алаңын ұйымдастырды. Спикер, мектептің орта көшбасшы тренері Маукебеков Аскар Токтарбекович жаңартылған білім беру мазмұнындағы апробацияның сатылы құрылымдарын талдап, апробацияның жүзеге асыру кезеңдері мен талаптарын талқылап берді. Спикер, мектептің орта көшбасшы тренері Исабекова Алиса Алимжановна ағылшын тілі пәнінде апробацияның айналым мүмкіндіктерін зерттеп, бастауыш, орта және жоғары сыныптардағы оқулықтарына сараптама жасап, талдап берді. Талдау барысында ағылшын тіліндегі оқулықтардың артықшылықтары мен жас ерекшеліктеріне сәйкес сарапталған тапсырмалар қоры, лексикалық және грамматикалық минимумдар базасы жіктелініп, сараптама берілді. Талқысөзде ҚББЖТӘО-ның бас әдіскері Петрова Лариса Борисовна ағылшын тілі оқулықтарының деңгейлік ерекшеліктерін талқылап, қазіргі оқулық үлгілерінің артықшылықтарына тоқталып, семинарға жоғары бағасын берді. «Сұрақ-жауап» кезеңінде модератор семинарға қатысушылармен ашық сауалды өткізді. Ашық сауалда семинарға қатысушылар өз бағаларын беріп, ұсыныстарын жолдады.Ұсыныстар1.     Ағылшын тілі мамандарының қалалық қоғамдастығы жандандырылса;2.     Бастауыш сынып оқушыларында ағылшын тілінде қазақ ертегілері кеңінен оқу бағдарламасына енгізілсе;3.     English plus оқулығының әр бөлімі сөздіктермен қамтылса;
4.     Ағылшын тілі оқулықтарының электронды базасын жетілдірсе;
5.     Кәсіби тәжірибе алмасу кеңістігін кеңейтіп, қоғамдастық жұмыстарды апробацияға қатысты тәжірибеден қарастырып, сарапталса деген ұсыныстар қабылданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: