«Абыройлы ұстаз» » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абыройлы ұстаз»
18
октябрь
2021

«Абыройлы ұстаз»

№185 жалпы білім беретін мектебінде
«Абыройлы ұстаз» атты бастауыш сынып жетекшілер арасында мектепішілік байқау өтті.
Байқаудың мақсаты: өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Байқаудың міндеті: жаңа педагогикалық идеялар табу және тәрбие үдерісін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді қолдану;
Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дамуы мен шығармашылығын ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту,мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
І кезең: педагогтің портфолиясын зерделеу.
ІІ кезең:«бастауыш сынып сабақтарындағы білім беру инновациялары»- мұғалімнің кәсіби
шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық
құрылымының таныстырылымы.
«Абыройлы ұстаз» конкурсының жеңімпаздары:
І орын: Қызайбаева Сандуғаш
ІІ орын: Капанова Назым
ІІ орын: Медешова Тұрсынай
ІІІ орын: Саймасаева Камшат
Координатор: Тыныштыкбекова Калдан Тауекеловна
Құттықтаймыз! Ұстаздарымыздың абыройы арта берсін!!!!
https://www.instagram.com/p/CVFtzElDJTu/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: