"Алтын күз" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алтын күз"
12
ноябрь
2021

"Алтын күз"

Мектебімізде 12 қарашада 9-10 сыныптар арасында "Алтын күз" байқауы өтті. Әр сыныптан бір ұл, бір қыз қатысты.

Байқаудың шарты бойынша:
-Таныстыру 1-2минут
-Өнерліге өріс кең(жұп немесе топ болып өз өнерлерін көрсету) 2-3минут
-"Күз береке"дастархандық мәзір(жеміс, көкөніс
т. б заттардан тағам жасау)
-Сән үлгісі (ерекше оймен дайындалған киім, шаш үлгісі) 1минут

Байқаудың қорытынды аптасына барлық қатысушылардың тыңғылықты дайындықпен, тың ізденіспен, өздерінше жаңашылдықпен келгендерін бірден аңғаруға болады. Өз-өздерін таныстырудағы әдемі сөз қолданыстары, жұп болып өнер көрсеткендегі шығармашылыққа толы ізденімпаздықтары көңілден шығарлықтай дәрежеде болды.
Дастарханның күз байлығына толы берекесі де оқушыларымыздың талғампаздығын көрсетеді.
Ерекшелікпен дайындалған киім үлгісіндегі дизайндері, шаш қою үлгілері күздің қоңыр салқын ауа райына өз үйлесімдерін тауып тұрғандай.

Барлық қатысушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, әділ қазылар алқасы өздерінің әділ шешімдерін қабылдады. Соңғы мәресіне жеткен Алтын күздің сарғыш тартқан алтын түстес қоңыр күндерімен де қоштастық.
https://www.instagram.com/tv/CWNIzoODQEw/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 ноябрь 2021 «Алтын күз»
20 август 2021 "Ұстаз келбеті "