24
ноябрь
2021
"Рухани адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптармен таныстыру"
"Рухани адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптармен таныстыру" тақырыбында Республикалық сабақ өткізу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес "185 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де өзін-өзі тану пәні бойынша және кітапхана меңгерушісі ұйымдастыруымен 9-10-11 сыныптар арасында рухани адамгершілікке тәрбиелейтін кітап қорындағы Сара Алпысқызының кітаптарымен және ozin-ozi tanu.kz сайтымен таныстыру ұйымдастырылды.Кітап- жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, ұлтжандылыққа, имандылыққа, адамгершілікке баулу арқылы ерекше серпін беретіндігі туралы түсінік берілді. Кітаптарды электронды нұсқада оқуға болатындығы жөнінде мәлімет берілді.

