"ЖҮРЕКТЕН 💞 ЖҮРЕККЕ" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖҮРЕКТЕН 💞 ЖҮРЕККЕ"
01
февраль
2021

"ЖҮРЕКТЕН 💞 ЖҮРЕККЕ"

Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі – Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі – Адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе – Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан! 
.
Биылғы жыл біз үшін ерекше, себебі Қазақстанның бірінші ханымы, "БӨБЕК" балалар қайырымдылық қорының Президенті, "Өзін -өзі тану" рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаева 80-жасқа толып отыр. Шын жүректен құттықтаймыз!!! 👏🏻👏🏻👏🏻

2021 жылдың ақпан айының  бірінші жұлдызында   «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша он күндігінің ашылу салтанаты жоғары дәрежеде өтті.Он күндік 01.02-12.02 аралығында өтеді. Он күндік барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс шаралар және де "ЖҮРЕКТЕН 💞 ЖҮРЕККЕ" атты қайырымдылық акциясы өтеді.
Іс-шараның  ашылу салтанатында оқушылардың, мұғалімдердің   бір–бірлеріне деген  жылы лебіздерін,   жақсы тілектерін тілек ағашы арқылы білдірді. Сонымен қатар мектеп директоры  Кержикеева Д.Р он күндіктің ашылу салтанатымен құттықтап, әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: