10
декабрь
2021
“Желтоқсан оқиғасының”

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай №185 жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық пәні бірлестігінің онкүндігі аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ермұқанов Еркін Нуриддинұлымен “Желтоқсан оқиғасы және Тәуелсіздік. Тарихи сабақтастық” тақырыбында танымдық кездесу өткізілді. Еркін Нуриддинұлы - “Желтоқсан оқиғасының” куәгері, қатысқан қайраткер. Кездесудің ашық алаңы сыр-сұқбатқа ұласып, қадірлі қонақтан тарихи оқиғаның маңыздылығы сұралып, пікірталасқа ауысты. Пікірталаста білім алушылар толғандырған сұрақтарын қойып, тарихи оқиғаның егемендікке бастаған ұлы қадам екендігіне тоқталды.